Сенбі, 23 Қараша 2024
7029 2 пікір 14 Желтоқсан, 2021 сағат 13:45

Ресей Қазақстанның өнімдерін кіргізбей қойды

Қазақстаннан Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі партиясын кіргізуге рұқсат етілмеді. Бұл туралы Россельхознадзордың баспасөз қызметі хабарлады. 

«2021 жылдың желтоқсан айының басынан бері Қазақстан Республикасымен шекаралас аумақта орналасқан «Қарасуық» фитосанитариялық бақылау бекетінің Новосибирск облысы бойынша Россельхознадзор департаментінің инспекторлары карантинге жатқызылған өнімді тасымалдау кезінде заң бұзушылықтарды анықтады», - делінген хабарламада.

Ресей тарапының айтуынша, «фитосанитарлық қауіптілігі жоғары өнімдер партиялары заң талаптарын бұза отырып тасымалданған».

«Осылайша, өзбек өнімдерінің партиясы үшін міндетті ілеспе құжаттардың – шыққан елдің фитосанитариялық сертификаттарының көшірмелерінің болмауы 18 тонна қызанақ пен 18 тонна құрманың импортына тыйым салуға негіз болды. Сонымен қатар, таңбалаудың ішінара болмауы, жүктің таңбалауында көрсетілген мәліметтердің тауар шығарылған елдің бөлігінде ҚҚС-дағы мәліметтерге сәйкес келмеуі, сондай-ақ жүкті қайталап  межелі жерде(екі және одан да көп) көрсетпеу  Ресей Федерациясының аумағына әкелуге тыйым салуға негіз болған. Жүзім, кептірілген жемістер, жаңғақтар, қырыққабат, қызанақ, пияз, күріш, бұршақты қоса алғанда, карантинге жатқызылған өнімдердің партиясы 212,7 тонна. Барлық жүктер Қазақстан Республикасына тиісті жөнелтушілерге қайтарылды», - делінген хабарламада.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456