Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
2833 4 пікір 15 Желтоқсан, 2021 сағат 14:57

Қырғызстанда ҰҚК Ақаевты тергеуде

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) жауап алуда. Бұл туралы 15 желтоқсанда экс-мемлекет басшысының әріптесі Бекболот Талғарбеков мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Асқар Ақаев «Құмтөр» ісі бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетіне куәгер ретінде жауап алуға шақырылған, қазір ол адвокатымен бірге.

Қырғызстанның экс-басшысы бір күн бұрын ұлы Іліммен бірге Бішкекке ұшып келген. Бұған дейін тамыз айында ол Қырғызстанға келген болатын. Сол кездегі сапарында ол да Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жауап алуға шақырылып, айғақтар беріп, тергеумен келісімге келген.

Abai.kz

4 пікір