Сенбі, 23 Қараша 2024
3267 0 пікір 15 Желтоқсан, 2021 сағат 15:16

Суданда белгісіз аурудан халық қырылуда

Оңтүстік Суданның шығысында соңғы бірнеше аптада белгісіз дерттен кем дегенде 89 адам қайтыс болды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі Джонглей штатының солтүстігіндегі Фангак қаласында белгісіз дерт ондаған адамның өмірін қиғанын хабарлады. Басылымның хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 89 адам қайтыс болғаны туралы хабардан кейін науқас адамдардан сынама алу үшін жедел әрекет ету тобын жіберген.

Мемлекеттік жер, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық министрі Лам Тунгвар Куэйгвонг шекаралық Бірлік штатында қатты су тасқыны безгек сияқты аурулардың таралуын арттырып, азық-түлік тапшылығына байланысты балалардың дұрыс тамақтанбауына себеп болғанын айтты. Өңірдегі кен орындарынан шыққан мұнай суды ластап, үй жануарларын өліп жатқаны айтылуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475