Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
2879 2 пікір 15 Желтоқсан, 2021 сағат 16:29

Әбілқасымова: Несиелік амнистия болмайды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәжіліс алаңында елімізде кезекті кредиттік амнистияны өткізу жоспарланып отыр ма деген сұраққа қатысты пікір білдірді.

Мәдина Әбілқасымова өткен аптада әлеуметтік желілер арқылы "елімізде несиеге амнистия жасалады" деген хабарламалар тарағанын айтты. Осыдан кейін Агенттікке азаматтар келе бастаған.

"Өтінішпен көп адам жүгінді, біз 18 мыңға жуық өтінішті қабылдадық. Соның ішінде қарызды қайта құрылымдау, қарызды жою бойынша да өтініштер бар. Біз барлық өтініштерді қабылдап, өңдеп, қаржы институттарына қарауға жібердік. Несиелік амнистия туралы ақпарат жалған. Бүгінгі таңда несиелік амнистия қарастырылмаған, бұл 2019 жылы бір реттік акция болды", - деді ол.

Бұған дейін желіде несиелік амнистия болады деген жалған ақпарат тарап, халық дүрліккен еді.

Abai.kz

2 пікір