Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 6253 15 пікір 16 Желтоқсан, 2021 сағат 15:24

Тәуелсіздікті тойлау: жетім қыздың тойы

Бүгін Тәуелсіздік күні. Бұл ең қадірлі де қастерлі мереке. Ғасырлар бойы бабалар қанымен келген ең қымбат қазына. Тәуелсіздікті атап өтуге қатысты түрлі пікірлер бар. Бір топ бұл күнді «Желтоқсан» және «Жаңаөзен» оқиғасына байланысты қаралы күн санап, мерекелік кештерге қарсы болса, екінші тарап керісінше атап өту керек деген ойда. Осы ретте өзге елдер өз тәуелсіздігін қалай атап өтетіні қызық. 

Түбі бір түркі елдерінің тәуелсіздік күнін атап өту тәжірибелері алуан түрлі. Түркия 1991 жылға дейін әлем картасында жалғыз тәуелсіз түркі елі болып келді. Түркияда тәуелсіздік күні екі мерекемен тұспа-тұс келеді. 1923 жылы, 29 қазанда Ататүрік Түрік Республикасын жариялады. Бұл Түркия үшін ең ұлы күннің бірі. Ресми 29 қазан «Республика күні» деп аталады. Түркия Осман империя бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ыдырап, Батыстық елдердің отарлаушы әрекетіне қарсы қанды соғыстан кейін өз азаттығын сақтап қалды. Бұл күнді түріктер ерекше атап өтеді. Ел басшылары аталмыш күнді Ататүріктің мавзолейіне барудан бастайды. Артынша түрлі қойылымдар қойылып, ресми әскери шеру өтеді. Кешке отшашу болып, халық көшеге шығып тойлайды.

Түркияда 23 сәуір күні де Тәуелсіздік күні. Ол күн ресми түрде «Түркияның ұлттық тәуелсіздік және балалар күні» деп аталады. Сондықтан ол күнді атап өту барысында балаларға көңіл бөлінеді. Тіпті, Үкімет мүшелері, Президент және Парламент бір күн өз орындарын балаларға береді. Мектеп оқушылары сол күні балаларды және қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңдарды талқылап, кішігірім заңдарға қол қояды. Бұл «болашақ балалар мен жастардың қолында» деген оймен жасақталған мереке.

Новости Азии. День независимости отмечают в Азербайджане | Bigasia.ru

Тағы бір бауырлас ел Әзербайжан өз Тәуелсіздігін ерекше атап өтеді. 1991 жылы, 18 қазанда Әзербайжанның тәуелсіздігі жарияланды. 2021 жылы 12 қазанда Әзербайжан депутаттары арнайы заң қабылдап, 18 қазанды «Әзербайжан тәуелсіздігінің қалпына келтірілген күні» деп өзгертті. Осылайша бұл күн жаңа атауға ие болды. Оған себепкер болған 2020 жылдың, 27 қыркүйегінде басталған Қарабақты басқыншы армян әскерінен азат ету соғысындағы жеңіс еді. Бұл күні Әзербайжан халқы тәуелсіздігін ерекше атап өтеді. Мемлекеттік демалыс беріліп, Бакудың орталық алаңында әскери шеру болады.

Көршілес Өзбекстан өз Тәуелсіздік мерекесін 1 қыркүйекте атап өтеді. 1991 жылы, 31 тамызда тәуелсіздігін жариялаған болатын, ал мерекелік тойлау қыркүйектің алғашқы күнінде өтеді. Бұл күні ел басшысы жаңа өнеркәсіп кешендерін ашып, марапаттарды үлестіреді. Ал мерекелік тойлау отшашумен аяқталды.

День независимости

Тәуелсіздік күнін тойлау ұғымы АҚШ-тан келген. АҚШ 1776 жылы, 4 шілдеде Ұлыбританиядан Тәуелсіздігін жариялады. Ол Тәуелсіздік декларациясы деп аталды. Осы күннен бастап АҚШ 4 шілдені ең басты мерекелік күн етті. Тәуелсіздік күнін АҚШ тұрғындары о баста тым қарабайыр атап өткен. 13 мәрте зеңбіректен оқ атып, мерекелік кешкі ас ішетін. Ал қазіргі уақытта бұл ең ауқымды мерекенің біріне айналды. Халық саябақта дастархан жайып, АҚШ бойынша жаппай ту ілінеді. Ал ең басты атрибут ретінде халықты біріктіруші отшашуды айтсақ болады. Ең тамаша отшашуды жасау үшін кей жандар тіпті, Мексикадан отшашу сатып әкеледі.

Өзге де мемлекеттер өз Тәуелсіздігін дүркіретіп атап өтеді. Тек Қазақстан билігі ғана әзірге қала орталығына келіп, гүл шоқтарын қойып, он минут Тәуелсіздікті тойлаған сыңай танытады. Әзірге Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтуі, жетім қыздың тойынан да жаман болып тұр...

Ка Мырза

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434