Тоқаев: Қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Желтоқсан көтерілісіне" 35 жыл толуына орай Туиттер парақшасына жазба қалдырды.
"Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды", - деп жазды президент.
Abai.kz