Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
3059 3 пікір 17 Желтоқсан, 2021 сағат 13:15

Батыс Ресейге салынатын қатаң санкциялар пакетін таныстырды

Энергетика және банк секторларынан бөлек, АҚШ пен ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар жиегін кеңейтетін болды. Ендігі таңда қорғаныс компанияларына да тікелей әсер етуі мүмкін шектеулер қойылмақ. Бұл туралы Bloomberg мәлімдеді. 

«Бұл әзірленіп жатқан санкциялар туралы құжат ресейлік қаржы институттарына, банктерге және төлем жүйелеріне, соның ішінде SWIFT-ке қол жеткізуге бағытталған шараларды қамтиды. Сондай-ақ қорғаныс компаниялары, көмір және технология экспортын қоса алғанда, энергетика секторы, гибридті шабуылдар үшін жаңа санкциялық режим, қолданыстағы санкциялар тізіміне көбірек адамдарды қосу және дипломатиялық паспорт иелері үшін визасыз жүруді тоқтату шаралары да қарастырылуда», - деді агенттік.

Батыс Ресейге жаңа санкцияларды жақын арада жарияламақ. Мәскеу Украина маңындағы әскерін әкетпесе, санкцияларды күшейте беретінін де ескертті.

Abai.kz

3 пікір