Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
3908 7 пікір 17 Желтоқсан, 2021 сағат 13:21

Солтүстік Кореяда күлуге, қуануға тыйым салынды

Солтүстік Корея үкіметі 11 күн бойы азаматтарға күлуге және ішімдік ішуге тыйым салды. Шектеулер Ким Чен Ирді еске алумен байланысты. Осыдан 10 жыл бұрын, 2011 жылы, 17-желтоқсанда Ким Чен Ир қайтыс болған еді. 

«Жоқтау кезінде ішімдік ішуге, күлуге, уақытты бос өткізуге болмайды», — дейді хабарламада.

Жергілікті ақпарат көздері 17 желтоқсан – КХДР бұрынғы көшбасшысы қайтыс болған күні азаматтарға дүкендерге баруға тыйым салынғанын хабарлады. Бірақ бұл барлық шектеулер емес. «Тіпті, аза тұту кезінде сіздің отбасыңыздың мүшесі қайтыс болса, қатты жылауға болмайды, жерлеуді барлық шаралар аяқталғаннан кейін ғана өткізуге болады», — деді анонимді дереккөз. Тағы бір солтүстік кореялық елде тіпті адамдардың қайғылы көрінетініне көз жеткізетін полиция қызметкерлерінің арнайы отряды құрылғанын айтты.

Abai.kz

7 пікір