Сенбі, 23 Қараша 2024
3240 6 пікір 21 Желтоқсан, 2021 сағат 14:47

Тәжікстан орыс тілін тереңдетіп оқытпақ

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон республиканың жоғары оқу орындарында орыс және ағылшын тілдерін оқытуды жақсарту қажеттігін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Тәжікстан халқына жыл сайынғы жолдауында айтылған.

«Неге мен үнемі осы екі тілді айтамын? Өйткені БҰҰ-дағы алты тілдің екеуі осы тілдер, орыс және ағылшын тілдері. Тәжікстанның Білім министрлігіне математика, жаратылыстану және нақты ғылымдарды дайындайтын оқу орындарында шет тілдерін үйрету бойынша бөлімшелер ашуын тапсырамын. Жалпы шет тілдерін тереңдетіп оқытуды жылдамдату керек, әсіресе орыс тілі мен ағылшын тілін», — деді ол.

Тәжікстан Президенті кәсіби шеберлігі қазіргі заман талабына сай келетін жас мұғалімдердің мамандығы мен білімін арттыруға көңіл бөлуге шақырды.

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5393