Сенбі, 23 Қараша 2024
3597 8 пікір 22 Желтоқсан, 2021 сағат 13:32

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Қазақстан шекарадағы жүктердің бос тұрып қалуына байланысты Қытайға нота жолдады. Бұл еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ҚХР-ға жолдаған 4-ші дипломатиялық хаты.

Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Министрлік сондай-ақ Қытай үкіметімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, соңғы кездесу қараша айында өткенін түсіндірді. Нәтижесінде автомобиль және теміржол өткізу пункттерінде өткізу қабілеттілігін дәйекті арттыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

ҚХР қабылдай алатын жүк пойыздарының саны 11-ге дейін өсті, ал бұрын күніне тек 8 пойыз өтуге рұқсат етілетін. Соңғы екі ай ішінде шекара маңында жүк өткізу бойынша қиындықтар артты.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373