Сенбі, 23 Қараша 2024
3142 13 пікір 23 Желтоқсан, 2021 сағат 15:44

Хаменова екі айға қамалды

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу шешімін түсіндірді.

Прокурор өтініші бойынша Атырау облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 12 желтоқсандағы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешімі күшін жойды. Жаңа қаулы бойынша, Хаменова екі айға қамауға алынды.

"Сот алқасы Хаменованың санкциясы бойынша жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған аса ауыр сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық (ҚК-ның 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) жасады деген күдікке ілінгенін ескерді. Бұл процеске қатысушыларға және істі объектив тергеп-тексеруге қысым көрсетуі мүмкін", - деді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін Бақытгүл Хаменова 5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Артынша үйқамаққа ауыстырылған болатын.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364