Катонқарағайда тірек ауылдың тірлігі мандымай тұр
Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Катонқарағай ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады.
Атап айтсақ, тірек елді мекен - Новоберезовка ауылындағы қолға алынған шаруалардың барысын бағамдап, өңірдегі шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесті. Сондай-ақ Аққайнар ауылындағы мектеп құрылысының жұмысымен танысты.
Новоберезовка ауылында облыс Әкімі тірек елді мекеннің абаттандырылу жұмыстарымен танысты. Биыл мұнда жалпы құны 236 миллион теңгеден асатын бірнеше жобаны іске асыру көзделген, нәтижесінде ауылдың ажары кіріп, алпыс шақты жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Бүгінгі таңда елді мекендегі мектеп пен клуб ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар жергілікті «Нарын» кәсіпорны жолдарды жөндеп, көше шамдарын орнатып, мекемелер мен тұрғын үйлердің қашаларын жаңартуда.
Алайда, тірек ауылдың келбетін жаңартуда қарқын байқалмайды. Ауылдың қақ ортасымен өтетін күре жолдың бойындағы үйлердің әбден ескірген қоршаулары, құрылысы аяқталмай қалған клуб ғимаратының қаңқасы елді мекеннің сиқын кетіріп-ақ тұр. Осы орайда аймақ басшысы аталмыш ауылдық округтің әкімі Қабдырғали Жексембаевты қатаң сынға алды.

- Сіз жергілікті халықты абаттандыру ісіне жұмылдыра алмай отырсыз. Мұнда жұмыс істеп жатқан бірде-бір ауыл тұрғыны көрінбейді. Байқауымша, тек бюджеттік ұйым қызметкер-лері ғана еңбек етіп жүр. Бағдарлама аясында мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп отыр. Бір жарым мың тұрғыны бар ауылға 236 миллион теңге қарастырылған. Билік органдары мен жергілікті халық бірлесе еңбек еткенде ғана тірек ауылдардың тірлігі жанданады. Ал адамдарды ортақ іске жұмылдыру - ең алдымен, ауыл әкімінің міндеті. Өкінішке қарай, округ басшысы ұйықтап жүргенге ұқсайды. Бұл туралы жиналыстарда қаншама рет айтылды, осы тірек ауылдар бағдарламасына қатысты Көкпекті ауданында арнайы көшпелі мәжіліс те өткізілді, бірақ әлі күнге дейін қалай жұмыс істеу керектігін үйрене алмай келесіздер. Уақыт өтіп жатыр, мемлекет берген қаражатты игеру қажет. Бұған жергілікті әкімдер жауап береді. Сіздердің жұмысты ұйымдастыру жөніндегі штабтарыңыз қайда, тұрғындарды неше рет жинадыңыздар? Егер алдағы екі айдың ішінде ауылда тиісті жұмыстар атқарылмаса, біз сізбен қоштасуға мәжбүр боламыз, - деп қадап айтты облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.
Тұрғындармен кездесу барысында аймақ басшысы оларды ауылды ажарландыру ісіне біркісідей атсалысуға шақырды, әрбір азамат өз үйінің сыртын, қашаларын ретке келтіріп, ауласын күл-қоқыстан тазалау керектігін айтты.
- Сіздердің ауылдарыңыз республикалық дәрежедегі тас жолдың бойында жатыр, - деді облыс Әкімі. - Бұл жермен сырттан келетін жолаушылар ары-бері жиі жүреді. Сондықтан, елді мекен көз сүйсіндіретіндей әдемі, көрікті болуы тиіс. Ауылды көркейтуге жұмыла кіріскен жөн, бұл ретте жергілікті ақсақалдар мен белді азаматтар бастама танытулары керек. Халыққа осы істің маңызын түсіндіру қажет.
Бұдан соң аймақ басшысы мектептегі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Мекеменің шатыры жаңартылып, есік-терезелері ауыстырылыпты. Қазір мердігер ұйым - «Сем-Каскад» серіктестігі ғимараттың ішін әрлендіруге көшкен. Облыс Әкімі мектеп басшылығынан жұмыстардың сапасын ұдайы бақылауда ұстап отыруды талап етіп, бірінші қыркүйекте оқушылар сабақтарына кешікпей барулары тиіс екенін ескертті.
Аймақ басшысы жергілікті клубта да болып, жөндеу жұмыстарының сапасын бағамдап, дәрігерлік амбулаторияның жай-күйімен танысты. Мекеме жедел жәрдем көлігімен қамтылған, мұнда 20 орындық күндізгі стационар қызмет етуде. Негізгі проблема - іргесі өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қаланған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу. Алайда, облыс Әкімі оны қалпына келтіргеннен гөрі жаңадан салған ұтымды екенін айтып, бұл мәселені денсаулық сақтау саласының басшылығымен талқыға салатынын жеткізді.