ШҚО: Жұмыспен қамту-2020
Ағымдағы жылы Өскеменде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 1 387 адамды оқыту жоспарланып отыр.
Соның ішінде 928 адам қайта даярлау курстарынан өтсе, 352-сі өз кәсібилігін жоғарылатады, 107 адам сұранысы жоғары мамандықтар бойынша оқытылады.
Өскемен әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыз айының басына дейін 713 адам оқытылды. Бұл жылдық жоспардың 51,4 пайызын құрайды. Қаланың 561 тұрғыны қайта даярлауды аяқтады, 100 адам кәсібилігін арттырды.
Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Сәуле Жүніспекова оқыту сұранысы көп мамандықтар бойынша жүргізіліп отырғанын атап өтті. «Олардың арасында, мысалы, жүргізуші, газ-электр дәнекерлеуші, кран машинисі, көлік электршісі, электр монтері бар. Бұл көп ұзамай жұмысқа тұруға мүмкіндік береді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының мәні осында жатыр», - деп атап өтті С.Жүніспекова.
Оны басқа сандар да растауда. 115 адам қайта оқытылып, барлығы жұмысқа тұрды.