Цойдың артынан Бекшин де қызметінен кетеді
Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин келесі жылдан бастап зейнетке шығуына байланысты қызметінен кетеді.
27 желтоқсаннан бастап Жандарбек Бекшин демалысқа, сондай-ақ 5 қаңтардан бастап зейнетке шығуына байланысты қызметінен кетпек.
«Жандарбек Бекшиннің келісімшарты аяқталды. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес зейнеткерлерге жұмысты бір жылға ұзартуға болады. Ал екінші рет ұзарту мүмкін емес. Сол себепті ол қаңтардан бастап қызметінен кетеді», – дейді министрліктен.
Енді Бекшиннің қызметін уақытша Қарлығаш Әбдіжаббарова атқаратын болады.
Жандарбек Бекшин 2020 жылдың 18 сәуірінен бастап Алматының бас санитарлық дәрігері болып жұмыс істеді.
Жандарбек Мұхтарұлы 1958 жылы 5 қаңтарда Қостанай облысы Федоров ауданы Байғара ауылында дүниеге келген.
Abai.kz