Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
4884 6 пікір 28 Желтоқсан, 2021 сағат 11:48

Н.Назарбаев Санкт-Петербургке барды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Санкт-Петербург қаласына келді. Бұл туралы Елбасының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

Сонымен қатар, Санкт-Петербургке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келеді деп күтілуде.

Назарбаев пен Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады. Шара барысында достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың нәтижелері, көпжақты өзара іс-қимылды дамыту және ұйым қызметінің тиімділігін арттыру перспективалары талқыланады деп күтілуде. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарау жоспарлануда.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі бейресми кездесуге келуіне үлкен сенім артатынын айтқан болатын.

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 729
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1024