Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
3989 2 пікір 30 Желтоқсан, 2021 сағат 12:08

Қытай Пәкістанға 25 жойғыш ұшақ сатты

Пәкістан Қытайда жасалған 25 көп мақсатты J-10C жойғыш ұшағын сатып алды. Бұл туралы Press Trust of India агенттігі хабарлады.

Газеттің хабарлауынша, мәміле Үнді-Пәкістан қарым-қатынасының шиеленісуі аясында жасалған. Бұл сатып алу Үндістанның әскери-әуе күштері француздық Rafale жойғыштарының кезекті партиясын алғаннан кейін жасалған.

Қазіргі уақытта Пәкістан Әскери-әуе күштерімен қызмет ететін ең заманауи жойғыштар 2006 жылы жеткізілген американдық F-16C / D Block 50/52 болып табылады. Алайда АҚШ пен Пәкістанның әскери ынтымақтастығы қазір өте шектеулі.

J-10C жетілдірілген авиациялық техникамен, белсенді фазалық антенналық радармен жабдықталған. Жақын қашықтықтағы шайқасқа арналған жан-жақты бағыттаушы басы бар PL-10 зымырандарымен және белсенді радиолокациялық басы бар алыс қашықтықтағы PL-15 зымырандарымен қаруланған.

Abai.kz

2 пікір