Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
2873 1 пікір 30 Желтоқсан, 2021 сағат 13:23

Еуропа мен АҚШ-та коронавирустан антирекорд орнауда

Дүйсенбіде АҚШ-та COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны бір тәулікте  441,3 мың адамды құрап, жаңа рекорд орнады. Мұндай деректерді АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары жариялады.

Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран сәрсенбіде соңғы 24 сағат ішінде елде COVID-19 инфекциясының рекордтық 208,000 жаңа оқиғасы тіркелгенін айтты. Соңғы бірнеше күнде көптеген басқа елдерде, соның ішінде Ұлыбритания, Италия, Греция, Португалияда тәуліктік вирус жұқтырғандар саны антирекорд орнатуда.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, соңғы жеті күнде әлемде жаңа инфекциялар саны да рекордтық көрсеткішке жетті: 22-28 желтоқсан аралығында әлемде күн сайын 900 мыңға жуық вирус жұқтырғандар тіркелді. Аурулар санының күрт өсуіне омикрон штаммының таралуы себеп болып отыр. Осыған байланысты әртүрлі елдердің билігі негізінен тым қатал болмаса да, жаңа шектеулер енгізуде.

Abai.kz

1 пікір