Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3962 6 пікір 11 Қаңтар, 2022 сағат 13:11

Тоқаев тісін көрсетті

Газ бағасынан басқа да көп өзгерістер болған екен...

УТИЛЬСБОР!
"Бұл шаруамен жеке адам емес, мемлекеттік органдар айналысуы керек" деді Президент. РОП-тың жұмысы наурызға дейін тоқтады!!! Тоқаев одан кейінгі шаруаны да елге тиімді етіп шешуді тапсырды!

САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА!
"Бұл қорға Қазақстанның 60% астам активі тиесілі. Алайда, осынша үлкен мүмкіндікке ие мекеменің жұмысы экономикаға тиімді ме? Жіті тексеріп, терең зерттеп, қор жұмысын толық бағалау керек. Егер жұмысы тиімсіз болса ондай мекеменің бізге қандай қажеті бар?
Айлықты күреп табатын менеджерлер мен шетелдік қымбат сарапшыларды қашанғы асыраймыз?

ОДКБ МӘМІЛЕГЕР КҮШТЕРІ
Қиын кезде елге кірген шетелдік мәмілегер күштер екі күннен соң отандарына қайтады. Он - он екі күнде біз олардың бәрін үйлеріне қайтарамыз!

LRT!
"Бұл әуелден-ақ қате нәрсе еді. Жақындасаң жемқорлық иісі шығатын... Еліміздің абыройына да дақ түсірген нағыз тиімсіз жоба болды."
Президент жобаны іске асыру керегін, түбегейлі шешу жолын тапсырды!

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ!
Жаңа Үкіметбасы боп осы жігіт сайланды! "Жаңа Үкіметтің жұмысына сәттілік тілеймін һәм үш апта беремін. Елдегі жағдайды мұқият зерделеп, жұмыс жоспарын ұсынуы керек" деді Президент.
"Жаңа Қазақстанды бірге құрайық". Тоқаев бүгінгі әңгімесін осылай түйіндеді!
ҚАТТЫ ҰНАДЫ!

Алмас Алтай

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367