Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3117 0 пікір 7 Қыркүйек, 2012 сағат 07:23

Әбубәкір Смайылов. Арқанкерген

«Кесені қолыма алып қарай бердім,

Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп»

(С.Торайғыров)

 

Қазақстан жұмбағы - «Арқанкерген»

Және анау жалғыз тірі қалған «мерген»...

(Өлмеді ме ғайыптан тайып пенде

Айыпкерге айналар салған жерден)

 

Айналады әп-сәтте айыпкерге

Басқа шығар заңы-заң байыпты елде.

Біздің елде шыны сол - олигарх боп

Шыға келер ғайыптан тайып пенде.

 

Еңбегімді, жерімді жемес бөтен

Мен бақытты елімді елестетем.

Қара мұнай тамшысы ... Қарай берем

Қара бала көз жасы емес пе екен?

 

Қара көзден аққан жас айғыз-айғыз

Байғұс бола тұрсақ та байға ұқсаймыз.

«Үй - ортақ...» деп ұйытып, қазаққа дін

Үйретпекші тағы да қай құдайсыз?!

 

Дінім тұрмақ тілім де үш тұғырлы

Жоғалмасам болғаны ұшты-күйлі.

Жан айқайым жаншылды Жаңаөзенде

Даусым шықпай кеудемде қыстығулы!

 

«Хабар» айтса ақиқат осы...» десіп

Ертегіні ел тыңдар есінесіп.

Тіреліппін қайраңға, тірі өлікпін-

Тілімнен АРҚАН КЕРГЕН есіп-есіп!!!

«Абай-ақпарат»

«Кесені қолыма алып қарай бердім,

Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп»

(С.Торайғыров)

 

Қазақстан жұмбағы - «Арқанкерген»

Және анау жалғыз тірі қалған «мерген»...

(Өлмеді ме ғайыптан тайып пенде

Айыпкерге айналар салған жерден)

 

Айналады әп-сәтте айыпкерге

Басқа шығар заңы-заң байыпты елде.

Біздің елде шыны сол - олигарх боп

Шыға келер ғайыптан тайып пенде.

 

Еңбегімді, жерімді жемес бөтен

Мен бақытты елімді елестетем.

Қара мұнай тамшысы ... Қарай берем

Қара бала көз жасы емес пе екен?

 

Қара көзден аққан жас айғыз-айғыз

Байғұс бола тұрсақ та байға ұқсаймыз.

«Үй - ортақ...» деп ұйытып, қазаққа дін

Үйретпекші тағы да қай құдайсыз?!

 

Дінім тұрмақ тілім де үш тұғырлы

Жоғалмасам болғаны ұшты-күйлі.

Жан айқайым жаншылды Жаңаөзенде

Даусым шықпай кеудемде қыстығулы!

 

«Хабар» айтса ақиқат осы...» десіп

Ертегіні ел тыңдар есінесіп.

Тіреліппін қайраңға, тірі өлікпін-

Тілімнен АРҚАН КЕРГЕН есіп-есіп!!!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5368