Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3029 0 пікір 7 Қыркүйек, 2012 сағат 07:45

Сабыржан Байбосынов. Әскер шен әркімге үлестіріле бере ме?

Қазақстандағы кей басшылар ақылға сия бермейтін тірліктер жасайды.

Мәселен, жақында Александр Винокуровқа Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті тарапынан подполковник шені берілгені жөнінде ақпарат тарады. Сонымен бірге, велошабандозға  жаңа қызметтік куәлік беріліп, "Қазақстан полициясына 20 жыл", "Ішкі істер бөліміне сіңірген еңбегі үшін" медальдарымен марапатталды. Яғни, бір емес, бірнеше құрмет. Әрі орынсыз құрмет.

Қазақтың әнұранын Лондонда шырқатқан Александарға разы адамдар бұл пікірмен келіспес. Рас, Винокуров сөз жоқ біздің мақтанышымыз. Бірақ, оған жасайтын құрметте еңбегіне, кәсібіне сай болу керек ғой. Мысалы, оған ай сайын 20 мың доллардан стипендия тағайындасын. Шабандоз ол ақшаға бақыттан басы айналып өмір сүреді. Оны аз десеңіз, тағы да алты пұт алтын берсін. Ал анау қызметтік куәлік, шен, "Қазақстан полициясына 20 жыл", "Ішкі істер бөліміне сіңірген еңбегі үшін" дегендері не? Спорт саласы мен ішкі істер саласы екі бөлек дүние емес пе?

Әлде Қазақстанда подполковник шені велосипед айдағанға да беріле бере ме? Мүмкін Винокуров бір қылмыскерді велосипедпен қуып жүріп ұстап алған шығар.

Александр Винокуров көп жылдан бері «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының құрамында көрінеді. Ішкі істер саласына қарасты «Динамо» спорт клубында жаттыққанға ұқсайды. Кейбіреулер оның әлгі шенді алғанын сонымен байланыстырады. Сонда «Динамо» спорт клубы сиқырлы спорт кешені ме? Онда шұғылданған адам полиция қызметкеріне айналып кете ме?

Олай болса, Шымкентте Мұхтар Әуезов атындағы университеттің спорт кешеніндегі «Спартак»  бассейніне қала тұрғындары барып ақылы түрде шомылып,  жаттығып жүр. Олар қанша барса да университеттің студенті,  қызметкері, профессоры бола алмай жүр.

Алайда, дәл сол оқу орнына үстіміздегі жылы Дариға Назарбаева барған. Сол кезде оған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілген. Сонда бізде бәзбіреулер президенттің қызы болсаң да профессор атағын беріп жібереді ғой. Осыны Саша Коэн естіп кино етіп шығарса, жата кеп ашуланамыз. Өзіміз ақылды, Саша ақымақ секілді. Бірақ сау адамның тірлігіне ұқсамайтын  іс Қазақстанда жасалып жатыр ғой.

Мысалы, жақында «Қорғаныс министрі Қазақ елі қоржынына алтын салған әскери спортшылар, аға сержант Серік Сәпиев пен аға лейтенант Ольга Рыпаковаға мерзімінен бұрын капитан атағын берді» деген ақпарат тарады. Ойпыр-ай, десеңші, қарап тұрсаң Александр полиция қызметкері, Дариға ғалым, Серік пен Ольга әскери қызметкер. Аты аталғандардың атағы мен шендері  бұрын неге айтылмаған?

Рас, бұлардың арасындағы Серік пен Ольганың қызметіне сенуге болар. Десек те, оларға Лондоннан алған жүлдесі үшін лайықты құрмет көрсетілгенін білесіздер. Мерзімінен бұрын капитан шенін бергені дұрыс па? Басқасы басқа, әскери салаға мұндай мырзалықтың керегі жоғы анық. Өйткені, әскери сала тәжірибелікті талап етеді. Биылдың өзінде шекарадағы әскерилерге қатысты қаншама оқиға болды. Сол жантүршігерлік жайттар бізге сабақ болмай жүрген секілді.

Көтерілген мәселеге орай қалам тартпай жүр едім. 5-қыркүйек күні таңертең «КТК» арнасында әнші Мирас Бекжанды көрсетті. Ол да өзінің ешқашан шекара күзетпегенін, бірақ, үздік шекарашыларға берілетін құттықтау қағазымен марапатталғанын айтты.

Бұл Қожанасырдың тірлігіне ұқсамай ма? Сіз қалай ойлайсыз?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364