Мемлекет барлық халыққа көңіл айтуы керек
Мемлекет тек әскери-полицейлерге емес, барлық халыққа көңіл айту керек. Қаншама адам кездейсоқ түрде қаза тапты. Міне бір отбасы, күйеуі мен жолдасы, олардың 15 жасар қызы, оқтан қайтыс болды. Обал ғой, обал. Үлкен қасірет.
Біздің бір танысымыз өз әйелін роддомға апарып, үйіне қайтып келе жатқанда кездейсоқ оқтан қаза тапты... Сонымен бала тауып, байынан айырылып отыр.
Бұндай оқиғалар қаншама... Мейлі дүкендер өртеніп кетті, құрысын. Теледидардан тек соны көрсетіп жатыр ғой. Қанша адам кездейсоқ қаза болды, бұл туралы неге айтпайды? Бұл ақпарат міндетті түрде ашық болуы шарт. Шын жүректен қайғырып көңіл айтам. Жандары жәннатта болсын...
Мұхтар Тайжан
Abai.kz