Барак пен Мишель. Бақ және бал сыра...
Бір-біріне деген ынтызарлығы ерекше екі жастың суретін арғы бетте, Қытай Халық Республикасында тұрып жатқан бауырыларымыздың kultegin.com сайтынан алып отырмыз. Иә, бұл бүгінгі АҚШ президенті Барак Обама мен жары Мишель ханым. «Сол кездегі ыстық құшақтарымыз жазылмай өмірді бірге сүріп келеміз», - дейді АҚШ президенті.
Бір-біріне деген ынтызарлығы ерекше екі жастың суретін арғы бетте, Қытай Халық Республикасында тұрып жатқан бауырыларымыздың kultegin.com сайтынан алып отырмыз. Иә, бұл бүгінгі АҚШ президенті Барак Обама мен жары Мишель ханым. «Сол кездегі ыстық құшақтарымыз жазылмай өмірді бірге сүріп келеміз», - дейді АҚШ президенті.
Барак Хусейн Обама 1961 жылдың тамыз айында дүниеге келген. Ол Америка Құрама Штаттарының тарихындағы бесінші афроамерикандық сенатор атанды. Туған жері Гавай аралдарының орталығы - Гонолулу қаласы. Оның әкесі - үлкен Барак Хусейн Обама экономика саласын зерделеу мақсатымен Америкаға Кениядан келген. Барактың анасы Стэнли Энн Данхэм екінші рет тұрмыс құрып индонезиялық мұсұлман студентпен бас құрайды. Хусейн Обама негізінен осы өгей әкесінің тәрбиесін көріп өседі. Обаманың өмірбаяны туралы аздаған мағұлматты мына сілтемеден таба аласыздар: http://dinislam.kz/publ/38-1-0-294. Бір қызығы Обама АҚШ президенттігіне сайланып жатқан кезде оған ислам әлемі зор үмітпен қарап еді. dinislam.kz сайты да сол кездегі жалпы жәмиғаттың көңіл-күй ауанына беріліп, Обаманы мүмин көргісі келгенін байқатады. Дегендей-ақ, Обама Ақ Үйдің төріне шығысымен кіші Буштың Иракқа жасаған әсекери әрекетін сынға алған еді. Естеріңізге сала кетейік, Дордж Буш 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына «әл-Каеда» ұйымын кінәлі деп тауып, күллі мұсылман жүмриятына жұдырығын білеген болатын. Содан кейін көпке созбай Солтүстік аталантика одағы мен АҚШ-тың әскери күшін жұмылдырып Иракқа қарсы қиян-кескі соғысты бастап та кеткен-ді. Ұзақ жылдар бойы Иракты билеп-төстеген Саддам Хусейн ақырында дарға асылып, көне Бағдат қаласының тоз-тоз шықты. Ал, Барак Обама президенттік қызметіне нақтылы кіріскеннен кейін Ирактан АҚШ әскерлерін шығару және атышулы Гуантанамо түрмесін жабу, тәуелсіз Палестина мемлекетін құру және мұсылман мемлекеттері басшыларының үлкен саммитін өткізу туралы жоспарларын жайып салған-ды. Обаманың осындай беталысына қарап мұсылман мемлекеттері қуанысып қалған. Алайда, ол Таяу Шығысты дерліктей тізе бүктіріп, 30-40 жылдан ел билігінде отырғандарды тақтан құлатты. Біз, әрине, Обаманы сол үшін айыптаудан немесе жақтаудан қалыспыз. Ел ісінің ішкі мәселелеріне сырттың қолын сұқтырмай берекелі тіршілік құру алдымен өздерін ислам әлемі атайтын елдерге керек. Ал, Обама... Обама болса, АҚШ-тың бірінші держава деген атағына атақ, даңқына даңқ қосып Мишель ханыммен ыстық құшағы ажырамаған қалыпы ғұмыр кешіп жатыр. Мына сурет екі жастың жұпыны тірлігінен сыр аңғартақнадай ма, қалай? Әйткенменде бақ дегенді қойсаңызшы, Мишель мен Барак қазір Ақ Үйде тұрады. Күйеуінің соңынан Ақ Үйге көшіп келген Мишель Обама Америка Құрама Штаттары президентінің резиденциясы орналасқан көгалдан жасыл бақ жасап алған. Ақ Үй бағынан қазір ол өнім алып, еріне сыра қайнатып береді екен. Ақ үйдегілер қазір Мишель жеңгейдің бал сырасынан шөл басып, мәз дейді білетіндер.
«Абай-ақпарат»