Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2998 0 пікір 11 Қыркүйек, 2012 сағат 09:36

Темiрхан Медетбек. Алтынбек Сәрсенбайұлы!

Алтынбек Сәрсенбайұлы!

Жап-жас кезiңде
Атқа мiндiң.
Сайдың тасындай
Сараланып шыққан
Сапқа кiрдiң.

Ол кезде
Бәрi дұрыс едi.
Бұрқылдап жатқан
Мына өмiрдiң
Қазанында қайнадың.
Азабына байландың...

Әттеген-ай,
Көпке ұзамай
Жыландай сумаңдаған
Бiр жақтан
Зымиян сұмдықтар,
Бiр жақтан
Сұрқия бәлелер шығып
Қаптап бара жатты.
Өңмеңдеп ұмтылып
Қасиетiм мен қастерлiмдi
Таптап бара жатты...

Сол кезде сен
Шыдай алмастан
Шындықтың
Қып-қызыл шоғын
Беттерiне
Шыжғырып басып
Олармен кетiстiң.
Елiм үшiн
Өлсем де,
Жағаласып өлем деп
Ат құйрығын кесiстiң.

Жай кеткен жоқсың!
Айтатындарыңды -
Кеуделерiне
Сұқ саусағыңды
Тiреп тұрып
Нұқып айттың.
Шел басқан көздерiне
Көрсетiп тұрып
Шұқып айттың.

Айттың!

Қыртысын аударып
Қопарып айттың,
Түк қалдырмай сарқып
Қотарып айттың.
Тобықтан қағып
Құлатпақ болғандарды
Жалттай ойнап,
Жасындай жасқадың.
Небiр беттiлердiң
Беттерiндегi
Перделерiн
Сыпырып алып,
Сонан кейiн
Дар-р-р еткiзiп
Жыртып тастадың.

Жыртып тастадың!
Сол кезде
Олардың
Сұмпайы түрлерi -
Көз алдымызға

Алтынбек Сәрсенбайұлы!

Жап-жас кезiңде
Атқа мiндiң.
Сайдың тасындай
Сараланып шыққан
Сапқа кiрдiң.

Ол кезде
Бәрi дұрыс едi.
Бұрқылдап жатқан
Мына өмiрдiң
Қазанында қайнадың.
Азабына байландың...

Әттеген-ай,
Көпке ұзамай
Жыландай сумаңдаған
Бiр жақтан
Зымиян сұмдықтар,
Бiр жақтан
Сұрқия бәлелер шығып
Қаптап бара жатты.
Өңмеңдеп ұмтылып
Қасиетiм мен қастерлiмдi
Таптап бара жатты...

Сол кезде сен
Шыдай алмастан
Шындықтың
Қып-қызыл шоғын
Беттерiне
Шыжғырып басып
Олармен кетiстiң.
Елiм үшiн
Өлсем де,
Жағаласып өлем деп
Ат құйрығын кесiстiң.

Жай кеткен жоқсың!
Айтатындарыңды -
Кеуделерiне
Сұқ саусағыңды
Тiреп тұрып
Нұқып айттың.
Шел басқан көздерiне
Көрсетiп тұрып
Шұқып айттың.

Айттың!

Қыртысын аударып
Қопарып айттың,
Түк қалдырмай сарқып
Қотарып айттың.
Тобықтан қағып
Құлатпақ болғандарды
Жалттай ойнап,
Жасындай жасқадың.
Небiр беттiлердiң
Беттерiндегi
Перделерiн
Сыпырып алып,
Сонан кейiн
Дар-р-р еткiзiп
Жыртып тастадың.

Жыртып тастадың!
Сол кезде
Олардың
Сұмпайы түрлерi -
Көз алдымызға
Экранға шыққандай! -
Шыға келдi.
(Апыр-ай,
Түрлерi
Неткен лас,
Тiрлiктерi
Неткен лаң едi).

... Сонсоң-ақ
Есiл ердi...
Кешiрмедi!

Төбесiнде
Қап-қара бұлттар ойнады...
Ызадан шақырлап
Тiстер қайралды...
Ақырында
Алтынбектей есiл ер
Серiктерiмен бiрге
Оққа байланды!..

Сол оқтан
Өн бойына
Рухым ұя салған
Болат дiңгектi Бәйтерек
Теңселiп барып...
Теңселiп барып...
Теңселiп барып...
Құлады...
Қара аспан
Төгiлiп жылады.
Қара жер
Сөгiлiп жылады.
Қалың ел
Егiлiп жылады...

Әлi жоқтауда!

"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397