Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2819 0 пікір 20 Қыркүйек, 2012 сағат 11:37

Кімнің күйеуі ең мықты?!

«Астана» телеарнасында жаңа ойын-сауықтық жоба «Саған сенемін. Мой лучший!». Жобада танымал жұлдызды жұптардың тартысты сайысын көре аламыз.  Біздің сүйікті жұлдыздарымыз өздерінің сүйікті жарларын көпшілікке таныстырып қана қоймай, ерлері ханымдарына деген  махаббатын ерлік істері арқылы дәлелдейді.

Ханымдарға қойылатын басты талап - өз ерлерінің шамасын бағалап, қолдау көрсету, ерлерінің істеріне сенімділік таныту.

Берілген сындардан мүдірмей өткен жұп қана жеңімпаз атанады. Дәлірек айтқанда, жеңістің жемістілігіне және сыйлыққа қарамастан, ойын кезінде бір-бірімен тату болып, елге жарасымды жұп екендіктерін дәлелдеген қатысушылар ғана жеңіске жетеді.

Бүгінгі күнге дейін біз ерлердің күш сынасқанын, ән айтқанын, би билегенін немесе күй тартқанын көріп жүрміз. Бірақ, дәл мұндай сынақты олар алғаш рет бастарынан өткереді. «Астана» арнасынан үлкен ептілікті қажет ететін сайысты бірінші болып тамашалаймыз.

Ерлер бұл сынаққа дайын ба? Қай отанасы өз ерін жақсы біледі? Қай нәзік жанды өте жоғарғы ұтыс тігіп, өз сүйіктісін адам сенгісіз әрекетке дейін апаратындығына ойын барысында куә боламыз.

Жобаның тізгінін ұстайтын танымал тележүргізуші Динара Сәтжан мен актер Берік Тұрсынбеков. Ханымдармен сырласып, ерлерін сынауға шақыратын Динара болса, ал ерлерді барынша қинайтын Берік өз істерінің мамандары. Олардан оңай құтылам деп ойламаңыздар. Жоба барысында Ақжол Мейірбеков, Ерлан Көкеев, Өмірқұл Айниязов сияқты жұлдыздар біздің сыннан өтетін болады.

Бас жүлде әлі құпия. Ол сыйлыққа қол жеткізу үшін ерлеріміз тамақ дайындап, бала киіндіріп, үйді жинастырып үлгереді.

Нағыз ерлерге тән әрекеттің кезі келді. Қапы қалмаңыздар.

«Астана» телеарнасында, қыркүйектің 23-нен бастап, сағат 19.00-де.

Торғын Әбушахман
PR - менеджер
ТОО "ADAM Media Group"
тел: 87025124526
+7 (727) 262 68 13

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371