Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3230 0 пікір 24 Тамыз, 2012 сағат 11:52

Асылнұр Орынбек. «Алтын сапалы» Оңтүстіктің өнімдері

Оңтүстiк Қазақстан облысы отандық тауар өндiру саласында  айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткiздi. Әсiресе азық-түлiк өнiмдерiн өндiру  көлемi жылдан-жылға  артып келедi. Оған облыс орталығында көркемсурет галереясында өткен өңiрлiк көрме-конкурсы дәлел. Мұндай шара жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға және «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысатын өндiрушiлердi iрiктеу мақсатында  ұйымдастырылып келедi.

Көрме-конкурстың мақсаты- кәсiпорындар мен шығаратын өнiмдерге байланысты сапа мәселесiн шешу, мемлекеттiк органдардың, өнеркәсiптiк коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару.  Яғни тәжiрибе алмасу арқылы жаңа жобаларға қатысу. Бұл кәсiпкерлiк саласында шаруасын түзеп келе жатқан өндiрiс орындарына айтарлықтай қолдау көрсету болып табылады.

Оңтүстiк Қазақстан облысы отандық тауар өндiру саласында  айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткiздi. Әсiресе азық-түлiк өнiмдерiн өндiру  көлемi жылдан-жылға  артып келедi. Оған облыс орталығында көркемсурет галереясында өткен өңiрлiк көрме-конкурсы дәлел. Мұндай шара жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға және «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысатын өндiрушiлердi iрiктеу мақсатында  ұйымдастырылып келедi.

Көрме-конкурстың мақсаты- кәсiпорындар мен шығаратын өнiмдерге байланысты сапа мәселесiн шешу, мемлекеттiк органдардың, өнеркәсiптiк коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару.  Яғни тәжiрибе алмасу арқылы жаңа жобаларға қатысу. Бұл кәсiпкерлiк саласында шаруасын түзеп келе жатқан өндiрiс орындарына айтарлықтай қолдау көрсету болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсiз Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарынан  орын алуы үшiн әр өңiрдiң қарқынды дамуын айтып келедi. Ал бәсекеге қабiлеттiлiк  отандық сапалы өнiмдердi  өндiру арқылы қалыптасады. Осыған орай  "Бизнестiң жол картасы - 2020»  мемлекеттiк бағдарламасы аясында"  Казмедприбор" ЖШС   ашылды. 2005 жылы негiзi қаланған өндiрiс орны медициналық жиһаздар мен жабдықтарды шығаруды жолға қойды. Қазiр әрi сапалы, әрi бағасы көңiлге қонымды кәсiпорынның өнiмiне  деген сұраныс арта түстi. Кәсiпорын директоры Б.Орынбеков алдағы уақытта рентген жабдықтарын және инфузиялық сұйықтықтар шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр. Халықаралық стандартқа сәйкестiк сертификатын  алған компания  ендi өнiмiн ТМД мен Еуропа елдерiне экспортқа шығармақ.

Әр елдiң, әр кәсiпорынның төл брендi  болатынын ескерсек,  «Корона»  оңтүстiкке ғана емес, респубикаға кеңiнен танымал кәсiпорын.  Макарон өнiмдерiнiң  30 -ға жуық түрiн  шығаратын фабрика  Қазақстан нарығында лайықты өзiнiң лайықты  орынын тапты.

Бiр қуантарлығы қуаты күштi ұлттық тағамдар мен сусындарды өндiрумен жеке кәсiпкерлер  де айналысып келедi. Солардың бiрi -  ШК «Гүлмайра» шұбат өнiмдерiн шығаруда.

- Ағзаға пайдалы  ұлттық сусынның құрамында адамға қажеттi   дәрумендер көп. Менiң айтарым, құрамында зиянды қоспалары бар алуан түрлi сусындардың орнына  емдiк қасиетi  бар шұбатты  тұтынса екен деймiн. Егер Үкiметтен қаржылай қолдау көрсем, ұлттық сусынның  санын көбейтер едiм-дейдi Мұстафин Оразалин.

Көрмеден Г. Есiмбекованың ұлттық киiмдерi  алыстан-ақ  менмұндалады. Тек сахналық ғана емес, күнделiктi киетiн  отанасының, әженiң, бойжеткен қыздардың киiмдерi ерiксiз көз тартты. Түрлi үлгiде тiгiлген дайын ұлттық киiмдер бiрiнен бiрi өтедi.  Моншақтармен әшекейленген бас киiмдер көздiң жауын алады. Кестеленiп, ою басылған ұлттық киiмдердiң бәрiн Гүлназия дайындапты. Ұлттық құндылығымызды ұмытпай, қазақтың салт-дәстүрiн паш еткен шебердiң туындыларына iштей сүйсiндiк.  Сондай-ақ, өңiрiмiзде инновациялық бағытта дамып келе жатқан кәсiпорындар аз емес. Олар өнеркәсiптi өркендетумен қатар, жүздеген адамға жұмыс тауып беруде. Мәселен, түйетауық өсiрумен айналысатын «Ордабасы құс»  фабрикасы «Үдемелi индустриалды-инновациялық даму»  мемлекеттiк бағдарламасы  аясында жүзеге асты. Құс  өсiру кешенi, жоғары  сапалы өнiмдi өндiрудiң  толық циклiн ұйымдастыру үшiн, барлық қажеттi заманауи әлемдiк озық  технологияларды пайдалана отырып, алдыңғы қатарлы елдiң 11 мемлекетiнен алынған құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етiлген. Құс фабрикасы жылына 10 000 тонна  күркетауық етiн өндiредi.  Келешекте фабриканың өндiрiс қуаттылығын екi есеге дейiн арттыруға мүмкiндiгi бар.   Ал Мақтаарал ауданынан  келген «Жан-саулық» СТК (Зүлфия Ережепқызы)  шұжық цехын ашып, шаруасын дөңгелетiп отыр.

Аз ғана уақыт iшiнде сапалы тауарларымен нарықты бағындырған компаниялар жетерлiк.  Соның бiрi индустрияландыру картасы аясында ашылған «Mah Light Group» жылына электр қуатын үнемдейтiн 5000000 дана  лампа шығарады.

- Ең бастысы -тауар өндiру емес,  өз өнiмiңдi өткiзу маңызды.   Бiз байқауға қатысу арқылы  тауарымызға тұтынушыларымыздың қызығушылығының  жоғары екендiгiне көз жеткiздiк. Мұндай шара өнiмдерiмiздiң  танылуына, сұраныстың  бұрынғыдан артуына септiгiн тигiзедi,- дейдi кәсiпкерлер.

Сонымен «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» номинациясы бойынша бiрiншi орынды «Казмедприбор» ЖШС,  екiншi орынды «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, үшiншi орынды «АРТ-Құрылыс» ЖШС  иелендi.

«Халық тұтынатын үздiк тауарлар» номинациясы бойынша бiрiншi орынға   «Зерде -Фито», екiншi орынға  «Swed Kaz», үшiншi орынға  «ЖК Есiмбекова»  лайықты деп танылды. Ал «Үздiк азық-түлiк тауарлары» номинациясы бойынша бiрiншi орын «Ордабасы құстың», екiншi орын «Хамит»  СТК-ның,  үшiншi орын «Корона» макарон фабрикасының еншiсiне бұйырды.

Ендi үздiктер Астана қаласында  өтетiн республикалық байқауда  бақ сынамақ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320