Электрондық сатып алулар жүйесі 2013 жылдын аяғына дейін енгізіледі
«Самрұқ-Қазына» АҚ Қордың құрылымына кіретін компаниялардың электрондық сатып алуларының ақпараттық жүйесінің тұсауекесерін өткізіп, баға ұсынымдарын сұрату әдісімен сатып алудың тәжірибелік нұсқасын іске қосты.
Электрондық сатып алулардың ақпараттық жүйесі (ЭСАЖ) Қор компанияларының тобына кіретін ұйымдардың электрондық сатып алуларды жүзеге асыруының бірыңғай орталығын құрайды. Мұнда тапсырыс берушілер, жеткізушілер туралы бүкіл қажетті ақпарат, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ауқымды мәліметтер қоры шоғырланған.
«Самрұқ-Қазына» АҚ Аппарат басшысы Ұлан Тәжібаев атап өткендей: «ЭСАЖ енгізу тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі бағалар мен әкімшілік шығындарды айтарлықтай төмендетуге, жеткізушілермен арадағы қарым-қатынас мөлдірлігін арттыруға, сатып алуларды бақылауға, және ең бастысы, сатып алу операцияларын жүргізу кезіндегі «адам факторының» ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді».
Сондай-ақ айта кететін жайт, ЭСАЖ енгізілуімен тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы мәліметтер барынша ашық болып, Қордың өзге ұйымдарының электрондық сатып алулардың алуан түрлі жүйелерінен хабарландырулар іздеу қажеттілігі жоғалады. Сонымен қатар, ЭСАЖ есептілік пен талдау жүргізудің оңтайлы құралы болып табылатындығының да маңызы зор.

Ақпаратқа деген еркін қолжетімділік бюджет құралдарын оңтайландырып қана қоймай, бюджет шығындарын болжау сапасын да арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жүйе тәжірибелік режимде жұмыс істеуде, алайда бүгінгі күннің өзінде кез келген мүдделі әлеуетті жеткізуші бастапқы тіркеуден өтіп, баға ұсынымдарын сұрату әдісімен сатып алуларға қатысу үшін өтініш бере алады.
Мұндай «сынақ» қолданысы балама жүйелерді енгізудің ең үздік әлемдік тәжірибелеріне сәйкес келеді. «Сынақ» қолданысы кезінде мүмкін қателер анықталады, ал бұл толыққанды өнеркәсіптік қолданысқа көшу кезінде жүйенің күрделі ақауларын болдырмауға мүмкіндік береді. Әзірше, сынақ қолданысында шектеулі компаниялардағы баға ұсынымдарын сұрату әдісімен сатып алулар қарастырылған, олардың қатарында «Самрұқ-Қазына» АҚ, «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ, «Қазмұнайгаз» АҚ орталық аппараттары, сондай-ақ «Самрұқ-Қазына Контракт» ЖШС бар.
Бүкіл ЭСАЖ жүйесі, соның ішінде баға ұсынымдарын сұрату, төмендетуге бағытталған саудалаумен баға ұсынымдарын сұрату, тендер, төмендетуге бағытталған саудалаумен тендер өткізу әдістерімен сатып алулар, тәжірибелік-өнеркәсіптік қолданысқа 2012 жылдың 4 ширегінде енгізілетін болады.
Жүйемен жұмыс істеуді бүгінгі күннен-ақ бастауға болады. Ол интернеттегі http://tender.sk.kz сайтында қолжетімді. Жүйе толықанды түрде 2013 жылдың басынан бастап жұмыс істейтін болады.