Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5486 0 пікір 28 Қыркүйек, 2012 сағат 16:42

«Алматы» арнасы: Куянов қазаққа қана қарсы ма?

Алматы қаласы әкімшілігіне қарасты «Алматы» арнасынан 60-қа жуық журналист пен өзге де қызметкерлер жұмыстан кетіп жатыр. Соның ішінде 37-і журналисттің жұмыстан кеткені жөнінде бұйрық шығып та үлгерген. Себеп  - әкімшілік тарапынан жасалған қысым дейді әріптестеріміз.

«Алматы» арнасының бас директоры  Евгений Грюнберг дейтін кісі. Ал, арнаға әкімшілік тарапынан жауапты адам -  Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Сергей Куянов.

«Алматы» арнасы бас директорының орынбасары қызметін атқарып келген Серік Әбікенұлымен әңгімеде жұмыстан кетіп жатқан тек қана қазақ журналисттері емес екеніне қанықтық. Арнаның орыс редакциясынан да жұмыстан шығып жатқан журналисттер бар. Алайда, Сергей Куянов http://ult.kz/kz сайтына берген түсініктемесінде бүй дейді: «Бүгін Грюнберг келіп кетті. Арыздарын кері алмаған 29 адамның тізімін алып келді. Бұл тізімде режиссерлер, сайт редакторы, журналистер мен бірнеше жүргізушілер бар. Бірақ орыс редакциянан ешкімді көрмей тұрмын».  Сонда Куяновтың көздегені не? Қазақ журналисттерін отқа итеріп, жаманатты қылып, бар пәлені соларға аудару арқылы ол кімдерді қорғап қалғысы келеді?

«Алматы» арнасындағы даудың бір ұшығы -  Петр Своикке байланысты сюжетте екен. Бұл бейнематериалға қатысты өз ойын айтқан Куянов былай дейді: «Арқау болған тақырып  Кеден одағы. Тіл жайында емес. Осыдан кейін журналисті шақырдым. Түсініктемесі бар. Тілші тақырыпты иіп әкеліп, ұлттық мәселеге тіреген. Менің ойымша, бұл кәсібилікке жатпайды». Сергей Куяновтың танымында ұлттық мәселені көтеру кәсібилікке жатпайды екен. Демек, халықтың 70 пайызын құрайтын, мемлекет құрушы ұлт туралы айтсаң, жазсаң, көрсетсең оның жолын Куянов кеседі. Себебі, кәсібилікке жатпайды. Яғни, ұлттық мәселе Куянов үшін бес тиындық құны жоқ дүние. Осындай көзқарастағы Куяновқа әкімшіліктің баспасөз қызметінің бар тізгінін қолына ұстатып қойып қарап отырған Ахметжан Есімовтің ойында не бар? Ол жағын біле алмадық...

«Алматы» арнасы - қалалық арна болғанымен соңғы үш-төрт жылдың ішінде ұлттық арнаның жүгін көтеріп, ауданды қызмет атқарды. «Тіл сақшысы», «Пікірлер пирамидасы», «Тұлға мен тағдыр», «Тарих таразысы», «Бір әннің тарихы», «Өзге Алматы» сияқты қалың елдің көкейіндегісін дөп басып, ұлттың сөзін сөйлегені көрермен жұртқа мәлім. Енді мұның бәрі тарихқа айналмақ. Біз тізіп көрсеткен бағдарламаларды, күнделікті жан-жақты жаңалықты жасаған талай қазақтың қыз-жігіттері жұмыссыз қалмақ. Ал, бұған Куяновтың қылшығы да қисаймайтын шығар, сірә.

Төменде «Алматы» арнасы бас директорының орынбасары қызметін атқарған Серік Әбікенұлының аталған арнада қалыптасқан  ахуалға байланысты қысқа сұхбатын беріп отырмыз.

«Аbai.kz»

«Алматы» арнасы бас директорының орынбасары қызметін атқарған, белгілі журналист Серік Әбікенұлы
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963