Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 2801 16 пікір 9 Наурыз, 2022 сағат 10:58

Ресей арналарына тыйым салына ма?

Қазіргі Украинадағы жағдайға басты кінәлі – TV арнадағы ақпараттық соғыс. Осы ақпараттық соғыстағы фейктерге сенген Ресейліктер және кейбір орыстілді отандастарымыз украин ұлтын бандершілдер деп сенді.

Ал, Степан Бандера 1942-1944 жылдар немістің Sachsenhausen концлагерінде отырғанын, екі ағасының да концлагерде көз жұмғанын Ресейде және бізде көп ешкім біле бермейді. Тіпті, соғыстың аяғында Гитлер оған бостандық берген соң, менімен одақтасып, Сталинге қарсы соғыс дегенде «кім украинге қарсы болса, тек соған қарсы соғысамын» деп, бас тартқан батыр жан.

Енді кезек елім мен жерім әм Алтын Ордадан бастау алған мемлекетім дейтін қазақ тілді қазақтарға тиселі болып, орыс әлемі арасында милетшілерімізді «казахофашист» атандыру науқаны белең алды. Оған кейбір қандастарымыз көзсіз сеніп отырған жайы бар.

Қашанда болмасын орыс империясы өз отарларының тарихын бұрмалап, біз көздеріңді аштық деп, қақсап келеді. Орыс тілді интернет пен телеарналар да БАҚ идеологиялық тетігіне сәтімен айналды. Кекілділер бұған көнбей өздерінің орыс, украин мен ағылшын тіліндегі ұлттық мәдени контенттерін құра білді. Сол арқылы орыс тілді отандастарын орыс әлемі лаңынан сақтап қала алды. Орталық Азияда жағдай басқа, орыс арналарының үстемдігі өз әмірін жүргізіп тұр.

Ал, бізде ше, барлық кәбелді телеарналар тек Ресей өнімін көрсетеді. Түркі тілдес елдерге телехабар тарату мүмкіндігі бар отандық Отау TV арнасы солардың көлеңкесіне қалып отыр. Енді бұдан бұлай отандық Отау TV арнасына барша басымдық беретін сәт туды. Отау TV-дан өзгенің бәрінің лицензиясын қайтарып алуымыз қажет. Орыс тілді отандастарымыздың 40 пайызы Украинаға агрессия жасаған Путинді қолдауы, кейбіреулердің «Z» белгісімен көшеге шығуы билікті ойлантуға тиіс. Бізде бір телеарна ашылса, 50-50 деген желеумен орыс тілі жарыса жүреді. Осы 50-50-ді 80-20-мен алмастыратын кез келді. Бұны Мәжілісте отырған депутаттар қолдап, арнайы заң шығарады деген ойымызда жоқ емес. Қазыбек Иса ағамыз бұны жерде тастамайды деген ойдамыз.

Қазір еліміздегі Ресей арналарын көрсететін кәбілдік операторлардың иесі өз олигархтарымыз. Сол олигархтар орыс теле өнімін талғамсыз ұсынып, ұлттық дәстүрдегі, алаши келбетті қазақи контент қалыптастыруды белден басып отыр. Енді олар Отау TV-мен бәсекелес болам десе,  Ресей арналарын көрсетуді доғарып, міндетті түрде, өзбектің, қырғыздың, татардың арналарын сол тілде, ал, түріктің, қытайдың, арабтың, кәрістің, жапонның арналарын ілеспе аудармамен қазақ тілінде көрсетуін міндеттейтін кез келді. Қазақ тілі билікке керек болмағанымен, бұрынғы КСРО аумағындағы барша түркі жұрты түсінетін аймақтық тіл. Енді сол артықшылығымызды кезінде татар баспагерлерінің іскерлігі арқылы қазақ шағатайымен Ресей патшалығындағы түркілерге тараған қисса-дастандарымыз сияқты, араға ғасыр салып, қайыра пайдалануға тиіспіз.

Ресей арналарын көргісі келгендер оларды интернеттен де көре алады.

Ал, әлемдік саясатты жаһанға тарататын, неміс (ZDF), француз (France 4), ағылшын (BBC), АҚШ (CNN International), италиялық (RAI) және жалпыеуропалық (Euronews) сынды жаңалық тарататын ірі алпауыт арналар қазақша сөйлемей, көзіміз ашылмайды. Бар қазақ демей-ақ, қоялық, бірақ, кей қазақтың басы орыс отаршыларының идеологиясымен TV арналар кесірінен уланып жүргені жасырын емес.

Бұл шараға меншік иелерінің кім екендігіне қарамай, тек түрлі тақырыптағы  қазақ тілді арналар санын көбейту үшін қазір отандық теленарықта өзін танытқан Qazaqstan, Хабар, Хабар 24, Balapan, Ел Арна, QazSport, Бірінші арна Евразия, Astana TV, КТК, НТК, Седьмой канал, 31 канал, СТВ, Almaty, «Atameken Business» т.б. тартылса көп нәрсе ұтамыз.

Араға екі-үш жыл салғанда қазақ тілді контент қалыптастырғандары ұтып шығады. Әрі қазақ тіліндегі телеарналарды қырғыз, татар, қарақалпақ, өзбектер, ноғай мен құмық т.б. телекөрермендердің қарайтындығын естен шығармайық. Ел болам десең, тележәшігіңді түзе! Отау TV-ны өз қисса-дастандарымен ОА мәдени жаулаған бабаларымыздың тарихи заңды мұрагеріне айналдырайық.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394