Сенбі, 23 Қараша 2024
2898 2 пікір 10 Наурыз, 2022 сағат 14:04

Жапаров: Біз бейтараптық ұстанымда қаламыз

Қырғызстан Ресей мен Украина ортасында болып жатқан оқиғаларда бейтараптық ұстанымда қалады. Осылай деп президент Садыр Жапаров 9 наурызда парламентте Құмтөр мәселесі талқыланған кезде айтты.

"Бүгінгі күні Ресей мен Украина арасында болып жатқан оқиғалардың салдары барлық мемлекеттерге кері әсерін тигізіп жатыр. Әлемдік деңгейде сауда-экономикалық, қауіпсіздік, қарым-қатынас және басқа салаларда да жағдай қиын. Әсіресе соңғы күндері халықаралық ахуал, оның ішінде әлем нарығында жағдай қиындап барады. Біз шағын ғана мемлекетпіз, соғысты тоқтатуға шамамыз да жетпейді, сол себептен біз бейтараптық ұстанымда қаламыз".

Президент доллардың бағамы өсіп, азық-түлік қымбаттап жатқанын, мұндай жағдайда амбицияларды артқа қалдыруды, орынсыз сын-пікірлер айта бермеуге шақырды.

Ресей Украинаға 24 ақпанда басып кірді. Содан бері Украинаның барлық қалаларында атқылау мен бомбалау жүріп жатыр.

БҰҰ жаңа дерегі бойынша, Украинада соғыс басталғалы 516 бейбіт тұрғын қаза болып, 908 адам жараланған. Қаза тапқандардың арасында 37 бала бар.

Бұған дейін Украинаның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Дарья Герасимчук Ресей Украинаға соғыс ашқалы 61 бала көз жұмды деген.

Ресей әскерилері Мариупольдегі аурухана мен перзентхананы атқылағаны хабарланды. Бұл туралы жергілікті билік пен куәгерлерге сілтеме жасаған ВВС сайты жазды.

"Балалар емделетін корпус толығымен қирады. Зардап шеккен балалар бар-жоғын анықтап жатырмыз" деп мәлімдеді Мариуполь қаласының кеңесі.

Киев облысындағы Ирпень, Буча, Гостомель, Бородянка және Ворзель қалаларынан бейбіт тұрғындарды эвакуацияланды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435