Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Билік 3941 1 пікір 16 Наурыз, 2022 сағат 11:50

Тоқаев билік партиясынан кетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Президенттің партия мүшесі болуын заңды тұрғыдан тоқтатуды ұсынды.

«Мен Президенттің өкілеттік кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әкімдердің партия филиалдарын басқаруды тоқтату керектігін айтты.

«Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпполярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді», -дейді ол. «Қасіретті қаңтардың» маңызды сабағы-мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлғаның қолындағы өкілеттіктердің шоғырлануы оған жақын адамдар мен қаржы-олигархиялық топтардың әсерін негізсіз күшейтеді. Олар мемлекетті жеке меншік ретінде қабылдайды», - деді Президент.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1058
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2607
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 701