Сенбі, 23 Қараша 2024
3157 9 пікір 16 Наурыз, 2022 сағат 17:26

"Жер Қорғаны": Мұхтар Тайжан партия құрмақ

Бүгін президент жолдауында партияларды тіркеу және құруды жеңілдету керектігін айтқан еді. Ендігі таңда партия құру үшін 20 мың қол емес, 5 мың қол жинау жеткілікті болмақ. Бұл саяси бәсекелестікті де арттырары анық. 

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан партия құратынын мәлімдеп үлгерді. Ол туралы өзінің Фейсбук парақшасында жазды. "Достар, ағайын!
Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырту үшін бүгінгі билік - яғни бүгінгі залында отырғандардың - Мәжіліс, Сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысу керек.

Ол үшін біз - ел мен ұлт жанашырлары - жаңа партия құрып келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңіп - билікке келуіміз қажет!

Біздің жаңа саяси партиямыздың атауы ЖЕР ҚОРҒАНЫ болсын. Жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті деп білем. Жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз.

Менің жанжақты ұстанымдарымды, пікірлерімді жақсы білесіздер деп ойлаймын. Егер менің саяси және экономикалық көзқарасымды қолдайтын болсаңыздар - бұл сілтемеге кіріп тіркеліңіздер! https://jerqorgany.kz

Келесі сайлаудың нәтижесінде (бәлкім биыл) біздің партиямыздың белсенділеріміз парламент пен мүлдем жаңа үкіметте табылып Елімізге нағыз, өтірік емес, шынайы реформаны енгізетін боламыз!
Құрметпен, Мұхтар Тайжан, 16.03.22" деп жазды ол.

Jerqorgany.kz сайтында партияның бастапқы мақсаттары да жазылыпты.

А/Ш жерлерді ҚР-ның азаматтарына жеке меншікке сатуға түбігейді тыйым салу.Шетелдіктерге жерді сатуға/жалға беруге қатаң тыйым салу.
Жердің ашық кадастрын орнату. Жерді кім жалдап отыр – бұндай ақпарат ашық болуы тиіс.

Бос жатқан жерлерді космомониторинг арқылы және цифрлық технологиямен мемлекетке қайтару.

Әр ауылдың манайындағы 5-20 радиусында жайылым жерлерін мемлекеттік меншігіне қайтару. Қоғамдық жайылымдарды орнату.

Жердің бөлу мен беру процесін цифрландыру, ашық қылу. Бұл процеске әкімдер және әкімдердің комиссиялары бұдан былай араласпау керек.
Субарендаға жол жабу, субарендаторларды жауапкершілікке тарту.

Банкттердің кепілдіктерінде тұрған жерлерін мемлекеттік меншігіне қайтару.
ҚР азаматтарына жерді жалға беру тәртібін күшейту. ҚР азаматтығын беру тәртібін қатаңдату.

Жердің пайдалану құқықтарын жал мерзімдері біткен соң тек ашық конкурс арқылы ұзартуы.

Басқа жердің проблемалары біздің назарымызда болады: демаркация процесі, әскери полигондар, ормандар, көлдер, өзендер, өндіріс жерлер, 10 сотык жер тб.

Бұған дейін Санжар Боқаев та "Намыс" атты партия құратынын жариялаған болатын.

Abai.kz

 

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522