Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4046 17 пікір 17 Наурыз, 2022 сағат 15:33

Ресей Украинаға ядролық қару қолдануы мүмкін

Ресей Украинаға ядролық қару қолдануы бек мүмкін. Егер, құдай бетін аулақ қылсын, солай болған жағдайда олар әлемдік қауымдастықтың айыптауына АҚШ-тың Хиросима мен Нагасакидегі қылмысын мысал етіп алып шығады. Американдықтарға "өзіңе қарап ал, сен жарғанда мен жармаймын ба" дейді. Ресей тарапынан ядролық қару қолданылған жағдайда батыс қарымта жасамайды. Есеп 1:1 болады. Бітті.

Мысалы Қырымдағы жағдайда АҚШ-тың бетіне Косовоны басқан болатын.
АҚШ пен Ресей тынбай салғыласатын тақырыптар көп қой жалпы.
Мойындау керек прецеденттердің бәрі АҚШ тарапынан болған. Сондықтан тиынның екі жағы, таяқтың екі ұшы бар екенін ұмытпау керек.
Жағдай қиын.

Осы қиын жағдайды Қазақстан өз пайдасына шешетін зор мүмкіндік пен жағдай бар. Ол үшін қазаққа технология, қазақтың технократ болғаны керек. Өйткені сан жағынан азбыз. Аз халық бай болу үшін технология мен оны меңгергендігі керек. Саннан сапа шығады деу біздің қолда жоқ болғандықтан аз, аз болса да саз болмасқа амал жоқ.

Ресейдің ядролық соққысы планетамызды жойып жібермейді. Олар үркітіп, қорқыту үшін қуаты азынан тастайды. Адамзат шуылдап, айыптап, әрі қарай да өмір сүре береді.

Ресей әлсірейді. Бірақ құламайды (құлауына ешкім мүдделі емес). Қайта есін жиып (менің ойымша 2035-2040 жылдар) жан-жағына сұқтанып қарай бастағанда біздің ел әскери де (одақтар), экономикалық (инвестиция көп құйылған) тұрғыдан осал болмауымыз керек. Ол үшін қазаққа ІРІ тірлік, ол үшін ішкі бірлік керек. Бүгінмен ғана өмір сүрмейік. Ресей мен Украина жанжалы қазаққа уақыт жағынан берілген зор мүмкіндік. Ең бастысы - бұның бәрі елдің дамуына қатысты ғасырлық, мың жылдық стратегиялық жоспарларын түзбей мүмкін емес.

Бұл тек менің ойым, қателесуге де қақым бар. Ал онымен келісу, келіспеуді патша көңіліңіз шешер. Рахмет!

Жомарт Айтқазы

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478