Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2889 0 пікір 6 Қыркүйек, 2012 сағат 09:23

Жұртты жұмыспен қамтып жұмылдырудың жолдары

Қазақстан Республикасы Президентінің кейінгі жылдардағы Жолдауларында мемлекеттің әлеуметтік саясатында Қазақстанның барлық азаматтарының тұрмыс деңгейі мен сапасын жақсартудың басты факторы ретінде халықты жұмыспен қамту  басымды  бағыт болып айқындалған.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы теориясының негізгі ойы әлеуметтік-еңбек қатынасының тиімді моделін қалыптастыру, соның ішінде  жұмыспен қамту саласын дамытуға ерекше мән беріліп отыр.

Қалада жұмыспен қамту мәселесін шешуге бағытталған бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осындай бағдарламалардың бірі жергілікті бюджеттен қаржыландырылған  Қаланы дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы болып табылады.

Еңбек нарығының жағдайын жақсарту, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында қала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады, соның ішінде: жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және ақылы қоғамдық жұмыстары. Жұмыспен қамтамасыз ету шараларына жергілікті бюджет қаражатынан  2012 жылы 126,344 млн.теңге қарастырылған.

2012 жылдың 9 айында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 6425 адам өтініш жасады, оның 4693-і -  жұмысқа орналасу мәселесімен. Жұмыспен қамту Бөлімінің делдалдығымен 3169 адам жұмысқа орналастырылды, оның 2586-ы - тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтарға жатқызылған жұмыссыздардың  жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және оларға белсенді әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы жұмыс жасайды. Оларды уақытша жұмыс орындарын құру арқылы жұмыс беруші ұйымдастырады. Әлеуметтік жұмыс орындары қаладағы және ауылдық округтердегі 44 кәсіпорын мен ұйымдарда ұйымдастырылды, оларға нысаналы топқа кіретін 253 жұмыссыз орналастырылды, бұл жылдық жоспардың 101,2%-ы. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушы бір жұмыссыздың еңбегін төлеуге жұмыс берушілер шығындарының ішінара өтемақы көлемі жергілікті бюджет қаражатынан айына 17000 теңгені құрады.

Оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға  жәрдемдесуде пәрменді шараның бірі ретінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы болып табылады. Аталған бағдарлама білім беру мекемелері түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе мен жұмыста дағды алуға мүмкіндік береді. Жастар тәжірибесі қаладағы және ауылдық округтердегі 103 кәсіпорын мен  ұйымдарда ұйымдастырылды, оларға 330 түлек қатысты, немесе жылдық жоспардың 100%-ы. Бағдарламаға қатысушылар заңгер, бағдарламашы, қаржыгер, психолог, есепші және басқа мамандықтары бойынша жұмыс істеп, біліктілік және тәжірибе жинақтайды. Қатысушылардың еңбекақысы айына 26158 теңгені құрады.

Еңбек нарығын теңдестіру, жұмыссыздардың бәсекелестігін арттыру мақсатында жұмыссыздарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыру жұмысы жүргізіледі.Кәсіптік оқытуға 19 мамандық бойынша 566 адам жолданды: пісіруші (барлық атауларымен), электрмен және газбен пісіруші, күштік желілер мен электр жабдықтарының электр монтаждаушысы, автомобильдің электр жабдықтарының электригі, слесарь- жөндеуші, плиткамен қаптаушы, сылақшы-бояушы, ағаш өңдеу станоктарының станокшысы, аспаз-кондитер, аспаз-калькуляторшы, киім пішуші, референт - хатшы және басқа мамандықтарына. Бағдарламаның кәсіптік оқыту жөніндегі шарасы  103,1%-ға орындалды.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың қолжетімді түрі ретінде ақылы қоғамдық жұмыстар болып табылады және өңірдің еңбек нарығындағы ахуалды әлсіретуге мүмкіндік берді. Ақылы қоғамдық жұмыстар қаладағы және ауылдық округтердегі 136 кәсіпорын және ұйымдарда ұйымдастырылды, оларға 1062 жұмыссыз қатысты, бұл жылдық жоспардың 96,5%-ы. Жергілікті бюджет қаражатынан орташа еңбек ақы 17439 теңгені құрады. Жұмыссыздар қала мен ауыл өңірлерін абаттандыру, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, құжаттармен жұмыс істеу, мұрағат өңдеу және  істерді түгендеу жұмыстарына қатысты. Сонымен бірге азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға баға мониторингін жүргізуге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысты.

Есепті мерзімге бөлінген қаражат толық көлемде игерілді, жоспарлық көрсеткіштер орындалды. Жұмыспен қамтуға  жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру нәтижесінде қаланың тіркелген еңбек нарығында  тіркелген жұмыссыздар саны 01.10.2012 ж. жағдайға  былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен  салыстырғанда 38%-ға азайып 1195 адамды құрады.

Римма Құсаева, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбек нарығы секторының меңгерушісі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366