Құбағұлдың Кіші Азияға жорығы
Шыңғыс ханның немересі, Төленің ұлы Құбағұл (Хулагу) 1253 жылы күзге қарай, сол уақыттағы Кіші Азиядағы ең айбынды және аса зор күш-қуатқа ие мұсылман елдердің бірі және бірегейі Парсы жұртына жорыққа аттанады. Оны испан жылнамашысы және елшісі Клавихо былай деп жазады: « От страха при этом сообщении в горах начинались землетрясения, а сердца королей трепетали».
Дегенмен, осынау жаулап алу сапарына шықпас бұрын, Құбағұл әскері үлкен дайындықтан өтеді. Ұлы хан Мөңкенің жарлығына орай, Құбағұл армиясына Батыл (Бату) мен Шағатай иелігінен қосымша саны көп қосындар жиналады. Бәрі айтарлықтай тиянақты дайындықтан өткен соң, ұлан-ғайыр Дешті - Қыпшақ даласынан Кіші Азияға қарай бет алады.
Осы арада шегініс жасап, қысқа ғана болашақ Кіші Азия императоры Құбағұл туралы айта кетейік.
Құбағұл бала кезінен өте өжет және тентектеу болып өседі. Қасындағы тетелестеріне қарағанда шапшаң, далада жаттығып жүргенде: Садақ атудан мерген және ат үстінде найзаласқанда, қатарындағыларды түсіріп кететін болған. Ештеңеден оңайлықпен қаймықпайтын. Оның болмысын кейбір ғылыми еңбектерде былай деп көрсетеді:
«Когда Чингис-хан возвратился после завоевания соседней Средней Азии и дошёл до пределов своих орд, к нему вышли навстречу Кубилай (Құбылай), которому было одиннадцать лет, и Хулагу (Құбағұл), которому было девять лет. Случайно в это время Кубилай подбил зайца, а Хулагу дикую козу в местности Айман-хой, на границе страны найманов, близ Имил-Кучина (қазіргі ШҚО, Үржар ауданындағы Кіші Еміл өзені. Сонымен қатар, осы өзен мен Жалаңаш көлдің аралығында, тура Қытай шекарасына жақын орналасқан Шыңғыс хан сайы бар. Мұны жергілікті тұрғындар Шыңғыс ханның Қытайды шабуға бара жатқандағы, дамылдаған орыны дейді және осы облыста Шыңғыс тауы бар) по ту сторону реки Хилэ (Алматы облысы, Іле өзені), поблизости от области уйгуров. Обычай же кипчаков таков, что в первый раз, когда мальчики охотятся, их большому пальцу [на руке] делают смазку, то есть его натирают мясом и жиром. Чингиз-хан самолично смазал их пальцы. Кубилай взял большой палец Чингиз-хана легонько, а Хулагу схватил крепко. Чингиз-хан сказал: „Этот поганец прикончил мой палец!“». Міне, бала Құбағұлдың табиғаты осындай болған.
Алайда, осы ұлы жорық басталмай тұрып, алдын-ала біраз уақыт бұрын жіберілген елшілер, қалың әскер жүретін жолдардағы бүкіл жайылымдарды бұлар үшін сақтауға және тиіспеуге шартарап елдеріне хабар таратады. Егер мұны орыс тіліндегі нұсқасында айтатын болсақ: «Во всех странах от Туркестана до Хорасана и вплоть до Рума (Малая Азия) и Грузии трава была внесена в запретную категорию: «никто не должен подходить к этой траве». Эмиры и местные правители были ответственны за обеспечение продовольствием воинов. Тысячи китайских инженеров сопровождали экспедицию, чтобы сооружать катапульты, огнеметы и машины для стрельбы огненными стрелами; они были специалистами в осадных операциях. Кезіндегі дала қыпшағы Шыңғыс хан династиясының күші және үстемдігі деген осы емес пе! Ұлы даладан жорыққа шыққан Құбағұл армиясы (они двинулись в паход с Желтой равнины, - дейді ғылыми еңбектерінде Хилда Хукхем), (тегі, бұл Сарыарқа болды ғой) алдымен өздерінен көп алыс емес Алмалық қаласына келеді. Осы арада ат суытқан олар, көп бөгелмей, ары асады. Бірақ, олар жорық жолында болғанымен, сондайлық асыға қоймаған секілді. 1255 жылдың жазында Самарқандтың қасындағы Қаны-Гүл жайлауына келіп, ауадағы ыстық басылғанша едәуір уақыт дамылдайды. Осы арада Мавераннахрдың әмірі бұларды құшақ жайа қарсы алып, шатыр құрады. Орысшасында былай дейді: «палатку из золотых и шелковых тканей, которая была покрыта белым войлоком и почти сорок дней они были в таком соседстве и постоянном пировании и добрых отношениях». Одан әрі, біраз жылжып, кейінгі ғасырда туған Әмір Темірдің елі саналатын Шахрисиябз қыстауында бір ай шамасында бөгеледі. 1256 жылы жолындағы Амудария өзенінен өтіп, Персияның шекарасына енеді. Алдымен өздеріне алғашқы болып шабуыл жасаған Исмаил әскерін тас-талқанын шығарады. Бұлар, XI ғасырдың екінші жартысында әл-Хасан патшаның арнайы құрған мұсылман сектасының қалың сарбаздары болатын. 1258 жылы сол кездегі аса ірі Бағдад қаласын жаулап алады. Сөйтіп, биліктегі Аббасидтер халифатын тұтасымен өздерінің иелігіне алады. Халифаттың өзін кілемге орап, тепкілеп өлтіреді. Кезіндегі дала қыпшақтарының дәстүрінде, хан немесе патша тұқымын бақилыққа жіберерде, олардың қанын шашпай, не буындырып, немесе осындай тәсілмен қанын төкпей орап, күштеп өлтірген. Сонымен, Кіші Азиядағы көшпелі қыпшақтардың жаңа мемлекеті пайда болады. Дәлірек айтқанда, бұл империяға: қазіргі батысындағы Ирак аумағы тұтасымен, сондай-ақ, оңтүстігінде Фарс, шығысында Хорасан, солтүстігінде Медее атырабы (яғни айтқанда, осы күнгі Әзірбайжан, Армения және Грузияның жартысы) қамтылады.
Қалай десекте, кезіндегі Парсы елі билік жүргізген аймақтардың, дәлірек айтқанда, сол тұстағы ауыл шаруашылығы айтарлықтай жоғары дәрежеде дамыған болатын. Сонымен қатар, бұл өлкелерде қала салу, болат қорыту, өзге де қол өнер кәсібі шама-шарқынша ілгері дамып, өсіп-жетіліп, өркендеуі жағынан кәрі құрлықтан әлде қайда алда тұрған кезі еді. Тағы да айырықша ескерте кетеріміз, жаулап алынған осы елдерде, өзендерге бөгет салып, оның суын егіс алқаптарына шығарып, мақталық және көкөніс алқаптарын суғару, оңды жолға қойылған болатын. Қыпшақ даласынан келген, Құбағұлдың шапқыншылығынан кейін, бұл дамыған аймақтар біраз уақытқа дағдарысқа ұшырады. Дегенмен, Құбағұлдың шөбересі Қазан (Газан) ханның тұсында, атасы құрған империя көптеген жетістіктерге жетіп, шынымен де жоғары дәрежеде өркендейді. Әсіресе, құрлық аралық сауда-саттық мүмкіндігінше шапшаң дамып, Ұлы қағанаттың күшейіп, жетілуіне аса зор ықпал етеді. Мұнымен қоса, өз уақытында қыпшақ даласынан келген қалың әскер де, жергілікті тұрғындармен жақын араласып, келе – келе билеушісі Қазан хан секілді, мұсылман дінін қабылдайды. Осы Құбағұлдың шөбересінің тұсында, бұл елде қаржылық реформа жүргізіліп, шығарған ақшалары бірнеше тілде жазылған болатын және ол осы елдің айтарлықтай табысқа жетуіне үлкен мүмкіндік туғызды. Бірақ, Кіші Азия аумағын тұтас алып жатқан империяның әлсіреуіне әсіресе оның құрамындағы шағын Әзірбайжан елі қатты әсер етеді. Неге десеңіз, кезінде Құбағұл жорыққа шығардың алдында біраз қосынын қосқан Алтын Орда империясының кейінгі хандары, Қазаннан, кезінде берген көмектерінің өтеуіне дамыған, бай Әзірбайжан елін беруді талап етеді. Сондай-ақ, бұл шағын ғана ел, екі зор қағанаттың тура шекарасына орналасқан еді. Билігіндегі мемлекеттің әлсіреп қалуына жол бергісі келмеген ұлы ханның шөбересі оңайлықпен көнбейді. Өстіп, далалық қыпшақтардың құрған екі ірі империясының арасында жаулық пайда болып, кейіннен бітіспес соғысқа айналды. Тағы бір ескерте кетейік, Кіші Азия аумағына орналасқан бұл қуатты қағанаттың әлсіреуіне, көршісі Сирия және Мысыр мемлекетін билеген мәмлүк сұлтандарының, бұлардың жасаған бірнеше жорығына түбегейлі тойтарыс беріп, айтарлықтай шығын келтіреді. Қайтып бұлардың Мысыр бағытына аяқ басуына шектеу қояды. Осылайша, өз уақытында негізін Дешті-Қыпшақ даласының көшпелі тұрғындары құрған ұлы империяның ақырғы билік иесі Әбу-Сейіт (Абу-Сайид) дүниеден өткен соң, бір кездері қылышынан қан тамған айбынды империя жеке – жеке шағын елдерге бөлініп, тарап кетті.
Бейсенғазы Ұлықбек,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Abai.kz