Ондай билік орысқа бағынышты болады...
Әзербайжанның Бас прокуратурасы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Михаил Делягин деген шовикке халықаралық іздеу жариялапты. Ал Делягин дегеніміз Әзірбайжанның мұнай өнеркәсібіне ядролық соққы беру туралы мәселе қозғаған бәленің тап өзі...
Бұл енді Әзірбайжан жұртының да сауыға бастағанын көрсетеді. Әлбетте басшысы халқына, халқы басшысына сенген елдің ісі осындай ірі болады. Әлиев мырза да біздің шалдар секілді кезінде Путиннің тілеуін тілеп келгендердің бірі деуге болады. Алайда ел басына күн туған шақта (Әзірбайжан-Армен соғысын айтам) табанды түрде күресе білді, соған сәйкес халқының құрметіне ие болды. Ал біздің билік халық емес айналасындағы азғантай топтың қамын күйттеуден асар алар емес. Халықпен байланысы нөл. Ал ондай билік әлбетте орысқа бағынышты болады...
Бүркіт Нұрасыл
Abai.kz