Сенбі, 23 Қараша 2024
2372 6 пікір 5 Сәуір, 2022 сағат 13:40

Тілеуберді: "Біздің аумақ арқылы санкциялар бұзылмайды"

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның әлі де бейтарап пікірді ұстанатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов былай деген еді: "Ресей бізді көбірек өз жағында болғанымызды қалайды. Бірақ Қазақстан Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейді. Біз, Қырым мен Донбастағы жағдайды мойындамағанбыз мойындамаймыз да. Өйткені оларды БҰҰ мойындаған жоқ. Біз тек БҰҰ деңгейіндегі шешімдерді ғана құрметтейміз.

Рас, Қазақстан евразиялық экономикалық одақтың және ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мүшесі. Сондықтан біз Ресеймен экономкалық, әскери одақта бір мүшеміз. Бірақ келісімшарттар нақты қазіргі жағдайға жүрмейді.

Ресей «соғыс» сөзін қолдануға тыйым салатын заң қабылдады. Олар оны /соғысты айтып отыр/ арнайы әскери операция деп атайды. Бірақ біз Қазақстанда оны қалай бар, солай атаймыз, өкінішке қарай. Бізде әр нәрсені өз атымен атауға қатысты мәселе жоқ".

Ал енді бүгін СІМ Мұхтар Тілеуберді:"Біз қазір Луганск халық республикасын да, Донецк халық республикасын да мойындамаймыз. Барлық санкциялар Еуропалық Одақ пен АҚШ тарапынан Ресейге қарсы бағытталған. Біз бұл санкцияларға қосылмаймыз.

Біріншіден, бұл санкциялардың Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізбеуі маңызды. Екіншіден, біздің территориямыз бұл санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылмауы керек,"— деді.

Бұл мәлімдемелер Ресейдің титығына тиіп отырғаны анық.

Abai.kz 

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371