Жұма, 27 Қыркүйек 2024
46 - сөз 3981 3 пікір 11 Сәуір, 2022 сағат 14:13

«Орыс әлемі» дегеннің жұмбағы

Дәл қазір балконда тұрып «Орыс әлемі» («русский мир») деген атпен пайда болып, әлемдік геосаясатта қиратушы феноменге айналған «саяси құбылыс» туралы ойланып отырмын...

Тарих логикасы тұрғысынан зерттегенде - ол Ресей мемлекеттілігінің тарихымен тығыз байланысты болып шығады екен...

Тарихи процессте «орыс әлемі» әртүрлі функциялар атқарған және оның пайда болуының себептері бірде – «мәдени құбылыс», бірде – «шарасыздық», бірде – «ұлттық ренессанс», бірде – «әлеммен қатынас» түрінде көрініс тауып отырған екен...

Ал, бүгінде агрессиялық сипатқа ие болған бұл ұғым – «орыс әлемі» ұғымының деформацияланып, өзінің прогрессивті мазмұнынан біршама ажыраған, өзінің объективтілігінен, яғни, тарихи логикасынан алшақтаған, соның әсерінен, керісінше - субъективизм ықпалына мейлінше тәуелді болған түрі екен...

Егер, Қазақстандық қайсібір БАҚ басылымдарын осы тақырып қызықтырса - оны зерттеуге және мақала ретінде ұсына алатыныма шамам келетінін айтар едім...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

3 пікір