Жұма, 27 Қыркүйек 2024
46 - сөз 2905 2 пікір 18 Сәуір, 2022 сағат 13:40

Империялық архаизм

Ресей әскерінің бейбіт халықты аяусыз бомбалауының себебі қорқыныш туғызу арқылы Украинаны тәуелді ету ғана емес. Оның тағы бір себебі, ондаған милоион украиналықтардың Еуропа елдеріне босқын болуы, сол арқылы Еуропа халықтарында украиналықтарға деген төзімсіздік тудыру, еуропалықтардың жайлы өміріне жайсыздық әкелу арқылы, Еуроодақ елдерін Украинадан бас тартуын, Ресейдің саясатын үнсіз мойындауына қол жеткізу ме деймін.

Алайда, әділетті Еуропа, бұрыннан миграциялық қысымнан (Азия-Африка) зардап шегіп отырса да, бұл жолы қанша болса да, соншама украиналықтарды қабылдауға әзір екенін білдірді. Ол аз болса, олар өз үкіметінен Украинаға жеткілікті көмекті аямауды да талап етуде.

Мұндайды Ресей күтпеген еді...

Ресей Еуропа өз шегарасын Польшадағыдай жабатын шығар деп ойласа керек.

Алайда, Польша құшағын айқара ашты...

Сөйтіп, қазір бүкіл әлемнің озық әскери техникасы Украинада Ресей армиясына қарсы тұр.

Мұндай соғыста Сан емес, Сапа жеңетіні анық.

Оның үсіне Ресей тарапынан бұл басқыншы соғыста мақсат жоқ.

Ресейге жер керек емес - өз жерін игере алмай жатқанда.

Ендеше, Ресей соғысының "мақсаты" - жеке амбиция, империялық архаикалық сана.

Ал бұл мақсаттар ешқандай құрбандыққа татымайтын "мақсатсымақ" болып табылады. Ол патша барда - ол (мақсат) бар, патша жоқ болса - ол да (мақсат) жоқ...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

2 пікір