Жұма, 27 Қыркүйек 2024
46 - сөз 3328 12 пікір 4 Мамыр, 2022 сағат 14:47

Петропавл - Абылайхан, Павлодар - Ертіс қаласы болсын

Төрт құбыласы түгел Қазақ мемлекеті

Елімізде қарқын ала бастаған саяси және экономикалық реформалар әрбір отансүйгіш азаматты шабыттандыруда. Алдағы референдум әділетті әрі естуші Қазақ мемлекетінің ашық сұхбаттасатын алаңына айналмақшы.

«Байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып», деп басталатын Ата Заңымызға сүбелі өзгерістер енгізіледі. Қолданыстағы Конституцияның 2-бабында кең байтақ еліміз - біртұтас мемлекет деп жазылған. Сондықтан бүкілхалықтық референдум арқылы Конституцияға «әкімшілік-аймақтық өңірлер» деген жаңа бап қосып, отаршыл Патшалық Ресей мен Кеңес Одағы мәжбүрлеп енгізген елді мекендердің даулы атауларынан біржолата құтылуға болады.

Алдымен, «облыс» қазақ тіліне орыс тілінен енген кірме сөз екенін мойындап, мемлекеттік тіліміздің тазалығын сақтау үшін әкімшілік-аймақтық құрылымды өңір деп жазуымыз қажет.

Біртұтас, яғни оңтүстігі мен солтүстігі, шығысы мен батысы бар төрт құбыласы тең унитарлы мемлекетіміздің әкімшілік-аймақтық құрылымына қатысты Ата Заңымыздың жаңа бабына келесі ұсыныстар енгіземін:

  1. Абай өңірі. Әкімшілік орталығы – Семей қаласы.
  2. Ақмола өңірі. Әкімшілік орталығы – Көкшетау қаласы.
  3. Ақтөбе өңірі. Әкімшілік орталығы – Ақтөбе қаласы.
  4. Алмалы өңірі. Әкімшілік орталығы – Қонаев қаласы.
  5. Атырау өңірі. Әкімшілік орталығы – Сұлтан Бейбарыс қаласы.
  6. Батыс Қазақстан өңірі. Әкімшілік орталығы – Орал қаласы.
  7. Жамбыл өңірі. Әкімшілік орталығы – Тараз қаласы.
  8. Жетісу өңірі. Әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы.
  9. Қарағанды өңірі. Әкімшілік орталығы – Қарағанды қаласы.
  10. Қостанай өңірі. Әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы.
  11. Маңғыстау өңірі. Әкімшілік орталығы – Маңғыстау қаласы.
  12. Оңтүстік Қазақстан өңірі. Әкімшілік орталығы – Түркістан қаласы.
  13. Сарыарқа өңірі (бұрынғы Павлодар облысы). Әкімшілік орталығы – Ертіс қаласы.
  14. Солтүстік Қазақстан өңірі. Әкімшілік орталығы – Абылай хан қаласы.
  15. Сырдария өңірі (бұрынғы Қызылорда облысы). Әкімшілік орталығы – Байқоңыр қаласы (бұрынғы Қызылорда атауының орнына).
  16. Торғай өңірі. Әкімшілік орталығы – Арқалық қаласы.
  17. Ұлытау өңірі. Әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы.
  18. Шығыс Қазақстан өңірі. Әкімшілік орталығы – Өскемен қаласы.
  19. Астана қаласы.
  20. Алма-Ата қаласы.
  21. Шымкент қаласы.

Пікір таласы — шындық анасы, ағайын!

Қайрат Лама Шариф

Abai.kz

12 пікір