Жұма, 18 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4129 9 пікір 11 Мамыр, 2022 сағат 15:24

Архимед әкім «Бессмертный полкты» бастап жүр...

Бүгіндері біздің Қостанай «Жеңіс шеруін» тойлауда талайларды шаң қаптырып кетті.

9 мамырдағы қала орталығынан басталып, сонау «Жеңіс» паркіне дейін жалғасқан «Бессмертный полкты», («Өлмейтін, жоғалмайтын, өшпейтін, жаужүрек те мәңгілік» деп мақтауға сөз таппайтын) Ресейдің ойлап тапқан полксымағын қайдағы қаңғыған біреу емес, облысымыздың маңдайымызға біткен жалғыз әкіміміз Архимед Бекжанұлының өзі бастап барды.

Өзгелер бұғып қалғанда жалғыз өзі қасқайып барған адамды жүрегінің түгі бар екен деп қалай мақтанбаймыз, қалай шаттанбаймыз. Ал менің өзімнің төбем көкке бір елі жетпей қалды. Мұндай әкімі жоқтар көре алмаса тұз жаласын. Тұз, шүкір, дүкенде әлі бар ғой.

Қысқасы, Қостанайлықтардың күні кешеден қуаныштары қойындарына симай жүр. Менің де осы қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздап, сіздермен бөлісіп отырмын.

Жайберген Болатов

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1292
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2849
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 886