Қазақстанға деген сенім одан сайын арта түсті
Қазақстанға деген сенім одан сайын арта түсті. Fitch еліміздің суверенді рейтингін ВВВ/Тұрақты рейтингінде растады. Және халықаралық аналитиктердің ойынша Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы одан сайын күшейе түспек. Қаңтар оқиғасы, Украинадағы соғыс та Қазақ еліне ешқандай әсер етпеген, жағдайымызды нашарлатпаған. Керісінше енді нығая түсеміз - Ұлттық қор түсімдері өседі, бюджеттік дефицит азаяды және сыртқы қарыз көрсеткіші басқа елдерге қарағанда анағұрлым жақсы болып отыр.
Бізге "таза кредитор" статусы берілді. Демек, кез-келген қаржы ұйымы егер біз сұрай қалсақ, бірден төмен процентпен кредит беруге дайын. Мұндай мықты елдер әлем бойынша көп емес.
Қазақстан өмір сүруге таптырмас ел. Себебі болашағы өте мықты. Оның мемлекет басшысына бүкіл инвесторлар кешегі форумнан кейін өте жақсы рай таныта бастады. Осыған қарап, күзден бастап елге инвестициялардың ағылатынын болжауға болады. Жалпы, ақша көп болады, тек жұмыс істей беру керек.
Айбар Олжаев
Abai.kz