Жұма, 22 Қараша 2024
Ел іші... 5566 1 пікір 28 Шілде, 2022 сағат 12:13

Қазақстан: Сыртқы сауданың жағдайы қалай?

2015-2016 жылдардағы құлдыраудан кейін еліміздің сыртқы саудасы қайта жанданып келеді. Биыл қаңтар-мамыр айлары аралығында еліміздің жалпы сыртқы саудасы былтырғы қаңтар-мамыр айлары кезеңімен салыстырғанда 53.6%-ға өсіп, 41.4 млрд теңгені құрады (экспорт 31.3 млрд +68.9%, импорт 10.1 млрд +19.9%).

Бұған мұнай мен газ нарығындағы бағалардың қымбаттауы және экспорт көлемінің артуы себеп болды. Айталық, 2021 жылдан бастап энергия көздерінен түсетін экспорттық табыстар қайта қалпына келе бастады. Мысалы, Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 100 АҚШ долларына дейін өсті.

Дегенмен сыртқы сауданың көлемі 2012-2014 жылдарға қарағанда әлі де төмен. Мысалы,  2013 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 55.9 млрд теңге (экспорт - 44.4 млрд, импорт - 11.5 млрд) болды.

"Қазақстан сыртқы нарыққа негізінен өңделмеген шикізатты шығарады. Олар әртүрлі тауарлар. Мысалы биыл 71 түрлі өнім сыртқа шығарылыпты. Алайда негізгі табыс отын-энергетикалық шикізаттан және металдардан түседі. (сәйкесінше 69.2% және 13.7%). Солардың ішінде сыртқа шығарған минералды ресурстарының бағасы 23.2 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың қаңтар-мамары айлары аралығымен салыстырғанда (12.8 млрд) 81.3%-ға жоғары", - дейді Jusan Analytics зерттеу орталығының талдаушысы Аят Сұрағанов.

Оның айтуынша еліміздің негізгі экспорттаушы өңірлері: Атырау, Нұр-Сұлтан қалалары және БҚО. Солардың ішінде көш басында Атырау өңірі тұр (13.6 млрд доллар).

Биылғы жылдың 5 айы ішінде Қазақстан өнімін ең көп импорттаған ел Италия екен. Қазақстанның экспорттық құрылымында Италия 18.4% үлесті алады. Ал Еуропа елдерінің жалпы үлесі ел экспортының 52.8%-ын алып жатыр.

"Елімізде импорт көлемі де ұлғайды. Бұл реттеғ әрине, тауарларды Қытайдан импорттау басқа елдермен салыстырғанда басымдыққа ие (36.6%). Импорт бойынша тауар номенклатурасының кең спектрі қамтылған. Елімізге бәрінен бұрын осы тауарлар келеді: дәрі-дәрмектер (610 млн долларға), автокөліктер (481 млн), телефондар (454 млн), есептеуіш техникалар (390 млн), киім-кешектер (343 млн), қосалқы бөлшектер мен жасақтауыштар (300 млн)", - дейді Аят Сұрағанов.

Оның айтуынша  импорттық тауарлардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысына жеткізіледі (сәйкесінше 50.8%, 9.5% және 8.0%).

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше (ЕАЭО) елдердің экспорты жалпы сыртқы сауданың бар болғаны 8.6%-ын қамтиды. 2022 жылдың 5 айы ішінде экспорт бар болғаны 2.4%-ға өсті. Оның өзі Ресей Федерациясына жасалған экспорт есебінен ғана (2.7 млрд доллар) өскен.

"Егер алыс шетелдерге экспорттауда мұнай басымдыққа ие болса, ЕАЭО елдеріне шығарылатын тауарларға қара және түсті металдар, бастапқы металлургиялық өнімдер және бидай ұны кіреді", - деді Jusan Analytics талдаушысы.

Өңірлерде  импорт едәуір әртараптандырылған. Жалпы импорттың 41%-ы ЕЭАО елдеріне тиесілі. Олардың ішінде 38.4%-ы Ресейден импортталады. Ресей Қазақстанның негізгі сауда әріптесі. Ресейден жеткізілетін тауар көлемі 9.7%-ға артып, 6.6 млрд долларға жетті.

 

Жаппарберген Айбота

 Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318