Сенбі, 19 Сәуір 2025
2724 0 пікір 31 Тамыз, 2022 сағат 14:11

«Солтүстік ағын» газ құбыры жұмысын уақытша тоқтатты

«Газпром» жөндеу жұмыстарына байланысты «Солтүстік ағын» газ құбыры арқылы өтетін газды тоқтатқан.

«Солтүстік ағын» газ құбыры "Портовая" компрессорлық станциясындағы жоспарлы жөндеу жұмысына орай газ жеткізуді тоқтатқан. Бұл Nord Stream AG газ құбыры операторы хабарлаған. Мониторинг мәліметтері бойынша, түнгі сағат екіден кейін газ жеткізілімі  14 437 484 кВт сағаттан 10 000 кВт сағатқа дейін төмендеп, таңғы сағат алтыда мүлде үзілген.

Газ үшінші қыркүйекке дейін жеткізілмейді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, тәулігіне 33 млн текше метр газ жеткізу қалпына келтіріледі. Өткен аптада газ құбырының жұмыс істемей тұрғаны туралы хабар тараған. Осылайша Еуропадағы газ бағасы 1 мың текше метрге 3500 долларға дейін өсті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4087