Мұхтар Шерім. Атыңнан айналайын, әгент!
- Маған «дружба» жіберген сен кімсің?
- 92-мін ғой. Сен ше?
- Мен де 92-мін.
- Не істеп жатырсың, 92?
- Тіземді құшақтап жатырмын.
- Неге?
- Біздің пәтер жама-ан суық. Неге жазбай жатырсың?
- Қолдарым ділрілдеп кетті...
- Ия?
- Біздің пәтер де жама-ан суық. Бір уыс аспирин ішіп жатырмын.
- Ауырып қалдың ба, не?
- Жоға. Терлеп жатсам, жаурамаймын дегенім ғо...
- Мына агенттегі фотоңның орнына маймылдың суретін салып қойғаның не, 92?
- Өзімнің суретім ғо...
- А-а... Адамнан аумайды екенсің!
- Сенің суретің де керемет! Беті мыж-тыж кемпірдің суретін салып қойыпсың.
- Мыж-тыждар да адам дегенім ғо...
- Пенсияны жаңа жылдан кейін көбейтеді дейді, рас па?
- 92, оның саған қажеті не?
- Қуанатындар қуанып қалсын деп жатырмын...
- А...
- Ыржидым деп жазып жібергенің не?
- Смайликтің орнына...
- Смайлик жібере алмайсың ба не?
- Міне, өзім ыржиып тұрмын. Қазақша смайлик.
- Мен көзімді уқалап, аузымды ашып, жылап тұрмын.
- Бұл сенің смайлігің бе? Не болды?
- Жүн шөлки тоқып жатыр едім, жатып алып... Жіп таусылып қалды.
- Кемпірлердің тірлігін істейді екенсің...
- Ішің пысса көрер едім.
- Шықсай. Кездесейік те?
- Маған «дружба» жіберген сен кімсің?
- 92-мін ғой. Сен ше?
- Мен де 92-мін.
- Не істеп жатырсың, 92?
- Тіземді құшақтап жатырмын.
- Неге?
- Біздің пәтер жама-ан суық. Неге жазбай жатырсың?
- Қолдарым ділрілдеп кетті...
- Ия?
- Біздің пәтер де жама-ан суық. Бір уыс аспирин ішіп жатырмын.
- Ауырып қалдың ба, не?
- Жоға. Терлеп жатсам, жаурамаймын дегенім ғо...
- Мына агенттегі фотоңның орнына маймылдың суретін салып қойғаның не, 92?
- Өзімнің суретім ғо...
- А-а... Адамнан аумайды екенсің!
- Сенің суретің де керемет! Беті мыж-тыж кемпірдің суретін салып қойыпсың.
- Мыж-тыждар да адам дегенім ғо...
- Пенсияны жаңа жылдан кейін көбейтеді дейді, рас па?
- 92, оның саған қажеті не?
- Қуанатындар қуанып қалсын деп жатырмын...
- А...
- Ыржидым деп жазып жібергенің не?
- Смайликтің орнына...
- Смайлик жібере алмайсың ба не?
- Міне, өзім ыржиып тұрмын. Қазақша смайлик.
- Мен көзімді уқалап, аузымды ашып, жылап тұрмын.
- Бұл сенің смайлігің бе? Не болды?
- Жүн шөлки тоқып жатыр едім, жатып алып... Жіп таусылып қалды.
- Кемпірлердің тірлігін істейді екенсің...
- Ішің пысса көрер едім.
- Шықсай. Кездесейік те?
- Қайтыс болып кеткен мамам жібермейді...
- Кешір, анаң қайтыс болып кеткен бе еді?...
- Жаңа жылда не істейсің?
- Ештеңе.
- Сыныптастарыңмен қыдырмайсың ба не?
- Сыныптастарымның бәрі қайтыс болып кеткен...
- Аузыңнан жаман сөздер шыға береді екен...
- Өзің қалайсың?
- Кішкентай кездегі суретіме ұқсамаймын...
- Мен де...
- Сен шынымен 92-ші жылғысың ба?
- Ия. Сен ше?
- Негізі 92-мін, бірақ метіркемде 94 деп қате жазылып кетіпті.
- Өлә, 94-терге де «движение» жасай береді екенсің ғо-о?
- Шама жоқ. Ертең өлетін шығармын...
- Қой, жаман сөз айтпашы...
- Ана жақтан сондай СМС хат келді...
- Маған да сондай СМС хат келген. Жаспыз ғой, әлі ерте...
- Агентте ұялы телефонмен отырсың ба?
- Жоқ. Комьпютердемін. Сенің жазғандарың жарты сағаттан кейін келеді, неге?
- Саусақтарым жоқ... Сосын...
- Ойбай? Жоғы қалай?
- Мұрныммен жазып жатырмын.
- Мұрның сәбіз сияқты үшкір ме сонда?
- Кішкентай кезімде әке-шешем ат шанамен колхозға бара жатыпты. Боранда. Мені де ала кеткен. Жолда адасып кетіп...
- Қасқыр жеп қоя жаздады ма не?
- Ашпыз, кездессе, қасқырды біз жеп қоя жаздайтын екенбіз...
- Содан?
- Адасып кетіп, қолдарымызды үсік шалып, саусақтарымыз түсіп қалды...
- Обал болған екен...
- Кімге?
- Бейшара саусақтарға...
- Сенің атың кім а?
- 92...
- Айтсай...
- Жылқыбай.
- Атың «современный» емес екен. Шынымен қай жылғысың?
- ? Ім...
- Неге жазбай жатырсың?
- ? Ім...
- «92-мін» деп өтірік жаздың ба?
- Шындықты айтайын. Мен 92 емеспін. Сол 92-ні керісінше оқысаң, сол жылғымын. Кәрі қақпаспын...
- Өлә! Мен де 1929 жылғымын! Жасым 84-те! Немеремнің ұялысымен ойнап отырып, саған «дружба» тастай салып едім, әшейін...
- Агентте келесіде кездескенше, құрдас, насыбай атып келейін!
- Пәкә, қыз күнімді сағынып, мен де тәтті түс көрейін...
- Түсіңде кездесейік, жаңа жылыңмен, 92!
- Жаңа жылда жастар жамандық көрмесін, біз сияқты «срөгі» өтіп кеткендер, жаңа жылда өлмесін!
- Атыңнан айналайын әгент! Әумин!
«Abai.kz»