Қазақстанда 16 мыңнан аса полиция қызметкері кезектен тыс аттестациядан өтпей қалды
Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда 16 мыңнан аса полиция қызметкері кезектен тыс аттестациядан өте алмай қалды, деп хабарлады ҚР президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев.
«16 209 қызметкер немесе құқық қорғау органдарының жеке құрамының 16% кезектен тыс аттестациядан өте алмай қалды», - деді А. Шпекбаев дүйсенбі күні брифингте.
Оның айтуынша, жоғарғы аттестациялық комиссия 368 басшымен әңгімелесу жүргізді. Нәтижесінде, әрбір бесінші қызметкерге қатысты теріс шешім шығарылған, тағы 28 адам аттестация тапсырудан бас тартқанына байланысты қызметтен босатылған.
«Нәтижесінде, құқық қорғау органдарының басқарушы құрамы үштен бірге жаңарды», - деді ол.
Сонымен қатар, орталық аттестациялық комиссия 4971 қызметкермен әңгімелесу жүргізді, оның ішінде 879 адам аттестациядан өтпей қалды,соның ішінде, 257 қызметкер жұмыстан шығарылып, 411 адамның қызметі төмендетілді, 211 адам басқа қызметтерге ауыстырылды. 221 қызметкер аттестация тапсырудан бас тартқанына байланысты жұмыстан шығарылды.
«Нәтижесінде, басқарудың бұл деңгейінде әрбір 5-ші басшы ауысты», - деп хабарлады А. Шпекбаев.

Бөлім меңгерушісінің ақпаратына сәйкес, өңірлік аттестациялық комиссиялар 15 мың 10 қызметкерді аттестацияламаған. Оның 4816 қызметінен босатуға, 3484 адам қызметінде төмендетуге ұсынылса, 4381 қызметкер басқа қызметтерге ауыстырылды. 2329 аттестация тапсырудан бас тартқан.
Өңірлер бөлінісінде Жамбыл (41%) және Маңғыстау облыстарының кедендік бақылау органдарының (35%), Маңғыстау (35%), Алматы (22%) облыстарының ішкі істер органдарының және көліктегі ІІД-нің (38%) жеке құрамдары ең көп жаңарған. Қаржы полициясы органдарында жеке құрамдар бәрінен көп Астанада (30%), Алматыда (26%) және Қарағанды облысында (24%) жаңарған, өртке қарсы қызмет органдарында Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (22%-дан) және Атырау облысының прокуратурасында (17%) жаңарған.
«Әңгімелесуге жіберілген лауазымды тұлғалардың жалпы санының жартысынан астамы ату дайындығынан және 22% физикалық дайындықтан есеп тапсыра алмаған. әрбір оныншы қызметкер заңнама білуден тестілеуден өтпей қалған. Әрбір 4831-шісінің психикалық беріктігінің төмен екені анықталған», - деді А. Шпекбаев.
Бөлім меңгерушісінің айтуынша, аттестациялық комиссиялардың ұсынуымен 3 мыңнан аса қызметкер жоғарыда тұрған қызметке ұсынылған, оның 671 тағайындалды.
Еске сала кетейік, 8 сәуірде ҚР президенті Н.Назарбаев «ҚР құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациясын өткізу туралы» жарлыққа қол қойып, ол 10 сәуірде күшіне енді. Аттестация өткізу үшін ҚР президентінің жанынан арнайы комиссия құрылды. Президент әкімшілігіне, бас прокуратураға, экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне (қаржы полициясына), ішкі істер министрлігіне, төтенше жағдайлар министрлігіне, қаржы министрлігіне 2012 жылдың 30 желтоқсанына дейін қызметкерлерінің аттестациясын өткізу тапсырылды.