Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 3278 27 пікір 1 Қыркүйек, 2022 сағат 15:09

Бұл сайлауда Президентке бәсекелес бар ма, жоқ па?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында  кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын.

Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады»,-деді Президент.

Бұл ұсынысқа байланысты сарапшылардың пікірі қандай? Мархабат:

«Менің ойымша, қазіргі кезде Қасым-Жомарт Тоқаевқа бәсекелес болатын оппонент жоқ. Саяси партия туралы заң да жаңарған жоқ. Сайлау жүйесі сол қалпында қалды. Сондықтан күзде сайлау өткеннің өзінде билік Президент сайлауына өз қалауындағы адамдарды қатыстырады. Бұл ел тізгінін ұстап отырған басшылықтың билікті өз қолында ұстап қалуының соңғы мүмкіндігі шығар. Кезектен тыс Президент сайлауын өткізіп, тағы жеті жылға соза түсудің мәні осында деп ойлаймын», - деді саясаткер Дос Көшім.

«Күтпеген жерден осы күзде мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу және бірден 7 жылға созу – өте сұрқия саяси технологиялық қадам болды. Шын мәнінде, бұл Назарбаев режимінің сақталуын білдіреді. Сол кездегі әдістер қолданылып отыр.

Тоқаевтың Конституцияны өзіне ыңғайлы етіп өзгертпейтіні туралы уәдесі қайда қалды? Сондай-ақ Президент сайлауына халықтың 1% - дан аз бөлігін құрайтын шенеуніктер мен депутаттар ғана қатыса алады. Сайлау тағы да «біртуған» нұротандықтардың арасында өтеді. Мен тіпті халықтың бұл мәлімдемеге қалай қарайтынын елестете де алмаймын», - деп жазды қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан.

Ал, «Ақ Жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, Мемлекет басшысына лайықты қарсыластар бар.

«Менің ойымша, болады. Себебі біз еркін елде тұрамыз. Дамудың демократиялық жолын таңдап алдық. Сайлау баламалы түрде өтеді. Сайлауда лайықты кандитаттар болады, - деді Перуашев.

Ол сонымен қатар «Ақ Жол» партиясының сайлауға түсуге дайын екенін жеткізді.

«Ақ жол» партиясы сайлауға қашан да дайын. Біз сайлаушылардың алдында мінтетімізді толық орындап отырмыз. Бұл оңай емес. Себебі партияның мүшелері Парламентте аз. Бүгінде тек 12 депутатымыз бар. Осыған қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз… Президент сайлауына қатысу мәселесін тек партияның құрылтайы шешеді. Әрине, оны талқылауға міндеттіміз, - деді депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.

Айжан Темірхан

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320