Сенбі, 23 Қараша 2024
1886 2 пікір 2 Қыркүйек, 2022 сағат 14:45

Рыхым Ошақбаев : Жаңа экономикалық саясатты жүргізу Үкіметтің қолынан келмеді

Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, экономист Рахым Ошақбаев Үкімет пен Ұлттық банктің жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер жылдар бойы көтеріліп келеді, бірақ әлі күнге дейін шешімін таппаған.

«Үкімет Президентті жерге қаратып отыр. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көтерілген мәселелер көптеген жылдар бойы айтлылып келеді. Үкіметке тапсырмалар берілген, бірақ олар орындалмаған. Жаңа экономикалық саясат жағынан міндеттер кейінгі үш жылда бірнеше рет берілді. Жаңа экономикалық саясатты жүргізу Үкіметтің қолынан келмеді»,-деді ол.

Экономист Ұлттық банктің жұмысын қайта реформалау керектігін айтты.

«Дамыған елдердің бәрінде базалық мөлшерлеме инфляциядан төмен болып келеді. Ал бізде базалық мөлшерлемені міндетті оңды қылып, инфляциядан жоғары ұстайды. Парламент қабырғасында осының бәрі қызу талқыланбайды, аяғы өкінішті жағдайға алып келді. Осының бәрі ақшаның жетіспеушілігіне, несиелендірудің азаюына апарып соқты. Жұмыс орындары азайып барады. Туындаған дағдарысқа Ұлттық банктің монетарлы саясаты себеп болып отыр. Жылдар бойы осы саясатты жүргізген Ұлттық банктің департамент басшылары мен олардың орынбасарларын түгел алып тастау керек»,-деді Ошақбаев.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371