Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2589 8 пікір 2 Қыркүйек, 2022 сағат 20:23

Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Тарих ғылымдарының докторы, белгілі журналист, қаламгер Дархан Қыдырәлі бұған дейін «Егемен Қазақстан республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, Халықаралық түркі академиясының президенті қызметін атқарды.

Ол 2001-2005 ж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер;

2005-2006 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер;

2006-2007 ж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары;

2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі;

2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті болып тағайындалды.

2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады.

2016 жылдың шілдесінен бүгінге дейін  «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып қызмет етті.

«Abai.kz» ұжымы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің жаңа қызметіне сәттілік тілейді!

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366