Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2611 1 пікір 3 Қыркүйек, 2022 сағат 14:12

Ақорда: Президент Тоқаев Торғайға барады

Кешелі бері Қостанай облысында орман өрті бет қаратпай тұр. Өрт бірнеше ауданды шарпыған. Әулиекөл, Қарабалық пен Ұзынкөл аудандарында және Қостанай қаласы мен қала маңындағы саяжайда да өрт қаулап тұр.

Өртті сөндіруге Қостанай облысының өрт сөндірушілеріне СҚО, Қарағаны мен Ақмола облысының да өрт сөндірушілері жұмылдырылған.

Осыған байланысты президент Тоқаев 5 қыркүйектегі жоспары бойынша Қостанай облысына сапардан бас тартуы мүмкін деген ақпарат шықан. Бүгін Президенттің баспасөз хатшысы Рұслан Желдібай арнайы мәлімдеме жасап, Президент Торғайға баратынын хабарлады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қостанай облысындағы өртке байланысты Мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?», - деген сауалдар келіп жатыр.

Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, Президент өзінің берген сөзінен таймай, 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады.

Қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдайды өңірге арнайы барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалап отыр», - деді Рұслан Желдібай.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364