Сенбі, 23 Қараша 2024
1825 1 пікір 4 Қыркүйек, 2022 сағат 12:22

Қостанайда өрт сөндіру жұмысы әлі жүріп жатыр

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру жұмыстар жалғасуда, деп хабарлады ҚР ТЖМ жедел штабы. 

Өртті сөндіруге 91 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылды: ТЖМ - 40 бірлік техника, жеке құрамның 261 адамы, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД, 52859 ә/б (Қарағанды қ.))ІІМ-жеке құрамның 33 адамы; ІІМ ҰҰ (Ә/Б 6697) - 150 адам, 14 бірлік техника; Қорғаныс Министрлігі-жеке құрамның 20 адамы; Орман шаруашылығы-32 бірлік техника, 83 адам орман күзеті; "Қазавиаорманқорған" РМҚК - 12 адам, 2 бірлік техника,1 әуе кемесі; ЖАО - 3 техника бірлігі, жеке құрамнан 20 адам; "ҚТЖ" АҚ - 5 өрт сөндіру пойызы (21 адам).

Су ағызу құрылғылары үшін суды 25 км қашықтықта орналасқан табиғи су қоймасынан алуда. Өртті сөндіруге 21 рет суды шашу жүргізілді.
Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағындағы өрттер сөндірілді. От бензин тиелген резервуарлар мен дизель отындарына көшкен жоқ.
Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрттер оқшауланды, қазіргі уақытта жеке ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ.
10 адам (5 адамы, бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік алып, уланды.Олардың 4-еуі орталық аудандық ауруханада, 6 тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Жағдайдың жақсаруына байланысты р-36 республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалыс және темір жол (поездар) бойынша поездар қозғалысы толық көлемде қайта жанданды (№82, 43, 51, 37, 622 поездар, барлығы-908 жолаушы).
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 4 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жоғары температура 28 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін сақталады.
3 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, оның ішінде ауа температурасының 36 градусқа, желдің жылдамдығы 23 метрге дейін көтеріліп, өрт аумағы 9 400 гектардан асты. Әулиекөл ауданындағы орман алқабының жалпы ауданы 40 000 га.

​Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам) және Аманқарағай ауылынан солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам), Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды.
Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды.
ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде жедел желі ашылды, психологтарының жұмысы ұйымдастырылды.
Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда.

3 қыркүйек сағат 16.00-ден бастап Озерное с. (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное с. (1 тұрғын үй), Аманқарағай с. (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар), Аманқарағай мұнай базасының аумағына өрттің көшуі тіркелді.

Қазіргі уақытта өрт 108 құрылысты жойып, зақымдады.
Бүгін Қостанай облысына Нұр-сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 15 автоцистерна, 2 вахтовка, 1 қызметтік автомобиль, 98 жеке құрам, сондай-ақ Алматы қ. суағызу құрылғылары бар ТЖМ-нің 2 тікұшағы қосымша күштер мен құралдар келеді.

Қазіргі уақытта жағдайды бағалау үшін әуеден барлау жүргізілуде. Әуе барлауының қорытындысы бойынша күштер мен құралдар орман алқабындағы өрт ошақтарын сөндіруге және елді мекендерді қорғауға бағытталатын болады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371